Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев Қырғыз Республикасының Зияткерлік меншікті сақтау мен қорғау және еңбек миграциясы саласындағы уәкілетті органдарының басшыларымен жұмыс кездесулерін жүргізді.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев Қырғыз Республикасының Зияткерлік меншікті сақтау мен қорғау және еңбек миграциясы саласындағы уәкілетті органдарының басшыларымен жұмыс кездесулерін жүргізді.

23.08.2013

22 тамызда Бішкек қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиевтің Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік қызметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің, Қырғыз Республикасы Әділет министрлігінің және Қырғыз Республикасы Экономика министрлігің басшыларымен жұмыс кездесуі болып өтті. Іс-шараға сонымен қатар «РусБренд» ТК, Қазақстандық тауарлық белгілердің иелерінің қауымдастығының, зияткерлік меншікті қорғау бойынша Қырғыз қауымдастығының өкілдері де қатысты. 

Кездесу аясында Самат Алиев кездесуге қатысушыларды Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымы мен жұмысты ұйымдастыруымен, сонымен қатар Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің ары қарай интеграциясының негізгі бағыттарымен таныстырды. 

Іс-шараға қатысушылар ҚР КО және БЭК кіру мүмкіндігі мен 2010 жылғы 9-желтоқсандағы Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы Келісімге қосылу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, кездесу барысында Қырғыз Республикасында контрафактылы өнімдермен күресу саласында пайда болған жағдай тілге тиек болды, осы саладағы өзара әрекеттестік жолдары анықталды. Бұдан басқа, пікірталасқа қатысушылар «параллель» импорт мәселелері мен ҚР КО және БЭК кірген жағдайдағы тауарлық белгіге берілетін ерекше құқықтардың аяқталуы қағидаттарын пайдалануды талқылады.

23-тамыз күні ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев Қырғыз Республикасы Еңбек миграциясы және миграциялық саясат саласындағы уәкілетті органдарының басшыларымен кездесу барысында ҚР КО және БЭК ықтимал кіруі туралы келіссөз процесінің аясында ҚР 2010 жылдың 19-қарашасындағы Еңбек етуші мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімге және 2010 жылдың 19-қарашасындағы Үшінші мемлекеттерден астыртын еңбек миграциясына кері әрекет ету бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қосылу мүмкіндігі талқыланды.