Жүйеге кіру
Артак Камалян: «Біз өңірлерді мемлекетаралық бағдарламаларға және өнеркәсіп пен АӨК саласындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз»

Артак Камалян: «Біз өңірлерді мемлекетаралық бағдарламаларға және өнеркәсіп пен АӨК саласындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз»

28.09.2020
25 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның  Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян Воронеж облысына жұмыс сапары шеңберінде губернатор Александр Гусевпен  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің   өңірлік деңгейде өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешендегі өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады. Министр Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың кезекті орташа мерзімі  - 2025 жылға дейінгі кезеңге арнап жаңа стратегиялық құжат әзірлегені туралы хабардар етті.

Комиссия өкілі өңір басшылығына  кәсіпорындардың электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы  және  биотехнология саласында жоспарланған мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысуын қарауды ұсынды.

«Осы жұмысқа Воронеж облысы кәсіпорындарының  өте белсенді қатысқанын көргіміз келеді. Осындай қуатты өнеркәсіптік әлеуеті бар өңірдің  Одақтағы инновациялық мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін»,- деп атап көрсетті министр.

Воронеж облысы кәсіпорындарымен бірлескен кооперацияның маңызды бағыты импорт алмастыру жобалары: Индустрияландыру картасы мен ЕАЭО агроиндустриясын дамыту картасы болып табылады.

Бұдан басқа, «Масловский» индустриалдық паркі мен «Орталық» айрықша экономикалық аймағында болу қорытындысы бойынша облыс үкіметінде ЕАЭО-да индустриалдық парктер құру талқыланды. Артак Камалян индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіпті дамытуды ынталандырудың тиімді механизмдерінің бірі  болып табылатынын атап өтті.

Индустриалдық паркте Артак Камалян өңірдегі екі ірі өнеркәсіп кәсіпорны: «Сименс Трансформаторлары» ЖШҚ қуатты трансформаторларды жобалайтын, шығаратын және қызмет көрсететін «Сименс АГ» тобының еншілес кәсіпорында және  «Воронежсельмаш» ЖШҚ жиын-теріннен кейінгі астық өңдеу жабдығы өндірісінде болды.

Воронеж облысы губернаторымен кездесудің күн тәртібінде агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де тұрды, бұлар – импортқа сынамды тәуелді тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды өнім және органикалық ауыл шаруашылығы өнімі нарығы.

«Біз қант қызылшасының селекциясы мен тұқым шаруашылығы, жеміс және жидек дақылдарының  отырғызу материалдары өндірісі бойынша, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында өңірмен бұдан да тығыз ынтымақтастық шынайы интеграциялық нәтиже беретінін көріп отырмыз»,- деп атап өтті министр.

Артак Камалянның Воронеж мемлекеттік университетінің ректоры Дмитрий Ендовицкиймен жұмыс кездесуі болып өтті. Қатысушылар ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын талқылады, соның ішінде ЖОО-ның Еуразиялық экономикалық комиссияның ғылыми бағдарламаларына қатысу мәселесін қозғады және соңғы жылдары халықаралық аренада Одақ елдері жоғары оқу орындарының позициясы жақсарғанын атап өтті.

ЕЭК министрі ғылым және маманданған кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға  қызығушылық білдірді.​