Жүйеге кіру
Сергей Глазьев: «Үлкен Еуразиялық әріптестік шеңберінде мазмұнды ұзақ мерзімді бастамалар қажет»

Сергей Глазьев: «Үлкен Еуразиялық әріптестік шеңберінде мазмұнды ұзақ мерзімді бастамалар қажет»

28.09.2020
Еуразиялық экономикалық одақты Үлкен Еуразиялық әріптестік орталықтарының бірі ретінде жайғастыру, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру, сондай-ақ Азия мен Еуропаның бірлестіктерімен және мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде өткен кеңесте қаралды. Талқылау Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын іске асыру жоспарын дайындау шеңберінде өтті.

Бұдан бұрын Стратегия-2025 жобасын мемлекет басшылары  тұтастай мақұлдады. Бүгінгі таңда ЕЭК құжаттың келісілген ережелерін іске асыру жоспарын әзірлеуде.

Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьев атап көрсеткендей, ЕЭК қазірдің өзінде жүйелі негізде Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығымен (АСЕАН) өзара іс-қимыл жасауда және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Хатшылығымен меморандум жасасу мүмкіндігі талқылануда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) жемісті ынтымақтастық жалғасуда.

«Бүгінде әлемде экономикалық кеңістіктің жекелеген өңірлерге бөлініп кетуі болжануда. Жаңа әлемдік шаруашылық салтына көшу мәселесі пісіп-жетілді. Бұл орайда Үлкен Еуразиялық әріптестік тұжырымдамасын игерісу кезінде мазмұнды ұзақ мерзімді бастамалармен бой көрсету қажет. Үлкен Еуразиялық әріптестік тұжырымдамасы ұлттық егемендікті құрметтеуге,  өзара тиімді әріптестікке, шоғырланбалы нәтижесі бар инвестициялық әрі сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған бірлескен күш-жігерді шоғырландыруға негізделуге тиіс»,- деп атап өтті Сергей Глазьев.

Үндесімді «сенімділік кеңістігін» қалыптастыру тұрғысында Сергей Глазьев Еуразиялық төрелік жүйесін құру идеясы туралы ойлануды ұсынды.

Кеңеске қатысушылар – ЕАЭО елдері сарапшылық қоғамдастығының 100-ге жуық өкілі -  Үлкен Еуразиялық әріптестік архитектурасына қатысты тәсілдемелер және осы жүйедегі ЕАЭО орны туралы пікірлерімен алмасты. Атап айтқанда, Үлкен Еуразиялық әріптестік ұйымдастырушылық қондырма құру дегенді білдіруге тиіс еместігі,  оның өзара инфрақұрылыммен және халықаралық құқықтық нормалардың икемді жүйесімен  байланысқан  Еуразияның қарымды ойыншылары –  аса ірі ұлттық экономикалар мен өңірлік бірлестіктер экономикалары арасындағы диалогтар желісін (диалогтық әріптестіктерді) білдіруге тиістігі  туралы идея басым түсті.

Сонымен бірге, Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, «Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу конъюнктуралық институты» ААҚ директоры Андрей Спартак Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастырудың мүмкін болатын институционалдық-құқықтық тұғырнамасы ретінде өңірдегі реттеушілік және инфрақұрылымдық  байланыстылықты  күшейтуге бағытталған және жаңа қатысушылардың қосылуы үшін  ашық плюрилатералды преференциялық емес келісім жасасу жолымен әріптестік құрылысының  әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі жылдамдықтағы, бірақ орталықтандырылған форматын іске асыру идеясын ұсынды.

ЕАЭО-ны Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру перспективалары да қаралды. Ынтымақтастықтың түйінді бағыттары сауда, көлік және инфрақұрылым, өндірістік кооперация және  цифрлық сала болып табылады.

Сарапшылық бағалар Стратегия-2025 түпкілікті бекітілгеннен кейін оның жекелеген ережелерін іске асыру жөнінде ЕЭК жұмысын ұйымдастыру кезінде ескерілуі мүмкін.

Анықтама

Сарапшылық қоғамдастық 2015 жылы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ұсынған Үлкен Еуразиялық әріптестік идеясын  белсенді дамытуда. Оның даму шамасына қарай, ҮЕӘ -  Еуразиядағы аса ірі ұлттық экономикалардың ғана емес, сонымен бірге  өңірлік экономикалық бірлестіктердің  халықаралық құқықтық нормалардың икемді жүйесімен,  көлік-логистикалық, энергетикалық, телекоммуникациялық және қаржылық инфрақұрылымдармен, бірлескен жобалармен және институттармен өзара байланысқан қарымды ойыншылар арасындағы диалогтар желісі деген түсінік қалыптасуда. Бұл тұрғыда да Владимир Путин мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қолдаған ЕАЭО мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ұштастырылуы жүруде. Мұндай тәсілдемемен ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері де келісіп отыр, бұл Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасында өз көрінісін тапты.​