Жүйеге кіру
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергенов КО елдерінің жетекші БАҚ басшыларымен кездесу өткізді

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергенов КО елдерінің жетекші БАҚ басшыларымен кездесу өткізді

27.10.2014

23 қазан күні Минскте Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтің Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің жетекші БАҚ басшыларымен кездесуі болып өтті. 

Кездесу барысында Нұрлан Алдабергенов қатысушыларға Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу бағыты бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабарлады. Атап айтқанда, ол Кеден одағына (КО) енгенге дейін үш елдің тауар айналымының оң динамикасы туралы, осы кезеңдегі нарықтардың зерттеу нәтижелері туралы, сонымен қатар Модельдік заңның бәсекелестік туралы нормаларын ұлттық монополияға қарсы заңнамаларға имплементациялау туралы әңгімеледі. Сонымен қатар ол Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (БЭК) тауарлық нарықтарындағы тең бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Қатысушылар кәсіби орта шеңберінде ықпалдасудың маңызын атап өтіп, Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің ықпалдасуы барысында БАҚ үшін ашылатын мүмкіндіктерді талқылады. Кездесу барысында үш елдің тілшілерінің өзара әрекеттесу әлеуетін жүзеге асыру үшін бірқатар сындарлы ұсынымдар айтылды. Тілшілер ақпаратты аудиторияға құзыретті әрі сауатты жеткізе алу үшін, қатысушылар еуразиялық бірлестік тақырыбы бойынша курстар мен тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру ниетін білдірді.  

Қорытындылай келе, Нұрлан Алдабергенов ықпалдасу барысында БАҚ рөлі мен мәнін атап өте отырып, кездесуге қатысушыларға алғысын білдірді: «БАҚ жұмысы халық бірлесуінің қуатты факторы болып табылады, ортақ құндылықтар мен бағдарлар қалыптастырады».

Іс-шараның қорытындысында баспасөз-конференция болып өтті, оның барысында Нұрлан Алдабергенов Армения мен Қырғызстанның ЕЭО-қа қосылу үрдісіне, одақ аумағындағы монополияға қарсы заңнаманың жұмыс істеуіне және т.б. түсініктеме берді.