Жүйеге кіру
Сколковода Еуразиялық одақта RFID-технологияны дамыту перспективалары талқыланды

Сколковода Еуразиялық одақта RFID-технологияны дамыту перспективалары талқыланды

28.10.2016

28 қазанда «Еуразиялық апта» форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу  департаментінің ұйымдастыруымен «ЕАЭО  аумағында RFID-технологияны дамыту перспективалары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның модераторы - Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Ішкі сауданы, жеңіл өнеркәсіпті және тұтынушылар нарығын дамыту департаментінің директоры Денис Пак болды.

Іс-шараға мемлекеттік басқару органдарының, бизнес қауымдастықтарының және ақпараттық жүйелерді әзірлеуші ұйымдардың, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері бақылау белгілері эмитенттерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға ЕЭК-тің сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишинаның атынан Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Гагик Кочарян ілтипатты лебіз білдірді.

 Атап айтқанда, ол іс-шара тақырыбының «экономикалық дамудың шындығынан, ЕАЭО аумағындағы таңбалау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру нәтижелерінен туындап отырғанын» атап көрсетті.

Комиссия спикері атап көрсеткендей, «таңбалау – тауарлар айналымын бақылау міндеттерін шешудің тиімді құралы, пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері мұны айғақтап отыр. Пилоттық жоба ЕАЭО-ның екі елінде ғана іске асырылғанына қарамастан,  бүгінгі фактілер тері бұйымдарын өткізу көлемінің өткен жылдың тектес  кезеңі ішіндегі  маркетингтік зерттеулер көрсеткішінен  2,5 есе және 2015 жыл ішіндегі  тері бұйымдары айналымы жөніндегі статистикадан 16 есе асып түскенін айғақтайды».

Талқылаудың негізгі  тақырыптары  тауарлар айналымын мемлекеттік реттеуде бақылау белгілерімен таңбалау және  тауарларды қадағалау міндеттерін шешу үшін RFID-технологияны қолдану, ЕАЭО аумағында RFID-технологияны дамыту, айналымға шығарылатын RFID-тамғалар сапасын басқару  болды. 

Сондай-ақ пилоттық жобаны енгізу нәтижелері бойынша Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтарында тауарларды RFID-тамғалармен таңбалау тәжірибесі  ұсынылды.

 Негізгі баяндамашылардың  баяндау қорытындылары бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар ЕАЭО-да тері бұйымдарын таңбалау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәжірибесі мынаны көрсеткенін атап өтті: RFID-сәйкестендіру  механизмін пайдалану  тауар айналымын бақылаудың неғұрлым тиімді әрі озық құралы болып табылады, ал сәйкестендіру жүйелерін әзірлеудің жаңаша әдістерінің ұсынылған таныстырылымы ұлттық чиптер өндірісі мен тауарлардың орын ауыстыруын бақылау  жүйесіндегі бүкіл RFID-технология кешенін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Дөңгелек үстел соңында, Одақ аумағында RFID-технологияны басқа тауар топтарына қолдануды кеңейту және  тұтыну нарығы тауарларының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, тауарларды таңбалаудың  баламалы түрлерін қолдану мақсатында оны дамыту перспективалары туралы пікірсайысты  ЕЭК алаңында жалғастыра түсуге шешім қабылданды.