Жүйеге кіру
ЕЭК контрафакті мен жалған өнімге қарсы күреседі

ЕЭК контрафакті мен жалған өнімге қарсы күреседі

28.11.2016

Ереванда «Антиконтрафакт-2016» халықаралық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов Комиссия  контрафакті мен жалған өнімнің таралуына қарсы күресті жұмыстың басым бағыты ретінде қарайтынын мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов жалпы отырыста: «Контрафакті мен жалған өнімге қарсы белсенді іс-қимыл Еуразиялық экономикалық одақта қауіпсіз әрі сапалы тауарлары бар және осындай қызметтер көрсететін дамыған нарықты қалыптастыру үшін қажет», – деп атап көрсетті.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейдің мемлекеттік билік органдарының, бизнес қоғамдастықтардың, ғылыми топтардың 500-ден астам өкілі, құқық иеленушілер мен әлемнің 12 елінің сарапшылары қатысты.

Форумның жалпы отырысында ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр)  Вероника Никишина, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері министрліктерінің, ведомстволары мен ұйымдарының басшылары: Арменияның Вице-премьер-министрі, Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрі Ваче Габриелян, Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Арменияның Экономикалық даму және инвестициялар министрі Сурен Караян, Беларусь Өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Геннадий Свидерский, Қазақстанның Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығының президенті Асламбек Аслаханов, бірқатар ресейлік губернаторлар да сөз сөйледі.

Тимур Сулейменов контрафакт нарықтың елеулі сегментін иеленуін жалғастырып отырғанына форум қатысушыларының назарын аударды. Бұл Одақ мемлекеттерінің экономикалық мүдделеріне қатер төндіріп,, азаматтардың денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп туғызуда. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде одақ нарықтарында 20 млн. данадан астам контрафактілік өнім табылып, құқық иеленушілеріне 120 млн. доллардан астам сома көлемінде келтірілетін залалдың жолы кесілді, бұл 2015 жылғы жылдық көрсеткіштерден асып түседі. 

Форум қорытындысы бойынша ЕАЭО елдері мен Комиссияның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды. Өнеркәсіп өнімінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша ұсынымдар дайындалды.