Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің экспорттық интеграциялық әлеуеті ұлттық әлеуеттер жиынтығынан 22%-ға жоғары

ЕАЭО елдерінің экспорттық интеграциялық әлеуеті ұлттық әлеуеттер жиынтығынан 22%-ға жоғары

28.11.2016

25 қарашада Орынборда (Ресей) «Орынбор өңірі – Еуразия жүрегі» атты VI халықаралық форумда Комиссия өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) экспорттық әлеуеті және мүше мемлекеттердің өзара саудасындағы кедергілерді жою үшін қолданылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

«ЕАЭО елдеріндегі экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау тәжірибесі» атты дөңгелек үстелде ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі Юлия Чалая бизнес-қоғамдастықтың ЕЭК-ке тарифтік емес тосқауылдардың бар-жоғы туралы да, үшінші елдермен сауда перспективалары туралы да жедел ақпарат жеткізуінің маңыздылығын атап өтті, өйткені Комиссияда әлемдік экономикалық көшбасшылармен (Қытай, Үндістан және т.б.) келісімдер жасасу перспективаларын бағалау жұмысы басталды. Сарапшылық бағаларға сәйкес ЕАЭО-дағы интеграциялық ынтымақтастық есебінен үшінші елдерге экспортты арттыра түсу әлеуеті ұлттық әлеуеттер жиынтығынан 22%-ға асып түседі.

Дөңгелек үстелге қатысқан өңірлік кәсіпкерлер Одақтың жұмыс істей бастауына орай ынтымақтаса жұмыс істеу шынында да оңайлай түсті. Мәселен, Орынбор облысында ЕАЭО мемлекеттерімен бірлескен кәсіпорындар саны 2010 жылдан бері екі есеге өскен. Бұл ретте бизнес өкілдері өзара саудадағы бірқатар тосқауылдар туралы айтты. ЕЭК Алқасы Төрағасы көмекшісінің сөзіне қарағанда, бизнес қоғамдастығы меңзеген кедергілерінің көпшілігі бойынша жұмыс жүргізілуде. Юлия Чалая: «Тосқауылдардың себебі – біздің елдеріміздің экономикалық саясатындағы айырмашылық, – деп түсіндірді, – Осыған байланысты кедергілерді айқындау және жою процесі мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестірген кезге дейін тұрақты жүргізіледі».

Тақырып «Кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді айқындау және жою ішкі нарықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және шекара маңы әрі өңіраралық ынтымақтастықты дамыту тәсілі» атты дөңгелек үстел шеңберінде жалғасын тапты, онда ЕЭК Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің директоры Илья Черный қызметтің бірінші практикалық нәтижелері туралы айтып берді. Атап айтқанда, барлық мүдделі адамдар Комиссияға ЕАЭО кеңістігінде өздері кезігетін кедергілер туралы тікелей хабарлап, өтініш мәртебесін бақылай алатын ақпараттық портал іске қосылды.  

Илья Черный ақпаратты жинау мен талдаудың жаңа құралдары тосқауылдар санын шолып-көруге және олардың ЕАЭО ішкі нарықтарының жұмыс істеуіне ықпалы дәрежесін одан әрі бағалауға мүмкіндік беретініне форум қатысушыларының назарын аударды. Ол мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығын ЕАЭО-да «төрт еркіндікті» іске асыру жолындағы шектеулерді айқындау мен жою мәселелерінде белсенді диалогқа және ынтымақтастыққа шақырды.   

Сонымен қатар Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерге арналған дөңгелек үстелде ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің өкілі Ринат Галитдинов бизнестің ЕАЭО шеңберінде инвестициялау кезіндегі мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол салымдарды қорғау жөніндегі кепілдіктер 1991 жылдан бастап жүзеге асырылған  инвестицияларға қолданылады деп хабарлады.

Талқылау барысында өңірлік бизнес өкілдері ЕАЭО құқығын, соның ішінде Комиссияның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде тосқауылдарды жою үшін қосымша құралдар мен тетіктерді құру бөлігінде одан әрі жетілдіру туралы бастама жасады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар қарар қабылдап,  онда ЕЭК-ті мүше мемлекеттермен бірлесіп Одақтың тосқауылдарсыз және алып қоюлар мен шектеулердің барынша аз санымен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шақырды.

Болған іс-шара шеңберінде қазақстандық бизнес өкілдері Ресейдің «контрсанкция» енгізуі салдарынан туындаған қазіргі кедергілер туралы, ХЖТ кітапшасын қолданумен байланысты проблемалық мәселелер, сондай-ақ Қазақстанда және Ресейде сүт өніміне қойылатын қосымша талаптар туралы хабардар етті. Ресей кәсіпкерлері, өз кезегінде, Одақ елдерінің өзара саудасындағы валюталық бақылауды ырықтандыру, олардың арасындағы жеткізімдерде лизинг тетіктерін дамыту бойынша одан арғы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Ресейден басқа мүше мемлекеттерге жеткізу үшін теміржол вагондарын жалдаумен байланысты қазіргі проблемалар туралы хабарлады, ҚҚС-ты қайтарудың ұзақ мерзіміне шағым айтты, бұл кезең-кезең сайын ЕАЭО бойынша әріптестерге өнім жеткізуден бас тартуға алып келеді.