Жүйеге кіру
ЕЭК пен Индонезия бірлескен жұмыстың алдағы жоспарларын пысықтауда

ЕЭК пен Индонезия бірлескен жұмыстың алдағы жоспарларын пысықтауда

28.11.2019

ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьевтің Индонезия Республикасының Ресей Федерациясындағы және Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Вахид Суприядимен жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Индонезияның бірлескен жұмысының алгоритмдері, сондай-ақ оған іскер топтарды қосу мәселелері басты тақырыптарға айналды.

«Еуразиялық экономикалық комиссия мен Индонезия Республикасы Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум бірінші кезекте кедендік және техникалық реттеу, сауда саясаты сияқты, сондай-ақ өнеркәсіптік және аграрлық саясатта ынтымақтастықты тереңдету үшін әлеуетті перспективалық бағыттарда кешенді диалог бастауға жол ашты», - деп мәлімдеді Сергей Глазьев.

Ол өз сөзін өзара іс-қимылдың маңызды элементі орта және ірі жоғары технологиялық бизнес өкілдерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Іскерлік кеңесінің және Одақ мемлекеттері мен Индонезия Республикасының сауда-өнеркәсіптік палаталарының кең ауқымын диалогқа қосу болады, деп толықтырды.

Тараптар 2020 жылғы бірінші тоқсанда Индонезиямен жұмыс тобының отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады.

Бұдан басқа, ЕЭК министрі индонезиялық әріптестерін Комиссия Еуразиялық күн тәртібі бойынша Петербург халықаралық экономикалық форумы, Шығыс экономикалық форумы, Астана экономикалық форумы және Еуразиялық экономикалық форум сияқты халықаралық алаңдарда өткізетін іс-шараларға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Мохамад Суприяди Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру «қатысушылардың кең ауқымын диалогқа қосу» арқасында сауда көлемінің өсуіне ықпал ететінін атап өтті. Сонымен бірге ол ЕАЭО мен Индонезияның арасында еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға бетбұру мүмкіндігін зерделеуді ұсынды.

Сергей Глазьевтің сөзінше, ЕЭК бұл идеяны ЕАЭО мен Индонезияның бейінді бөлімшелері мен мүдделі бизнес-қоғамдастықтарын тарта отырып қарауға дайын. Бұл ретте ол тарифтік тосқауылдар ЕАЭО мемлекеттері мен Индонезияның саудасын тежеудің түйінді элементі болып табылмайтынын атап өтті. Инвестициялық жобалар, кеңейтілген кредит беру және ынтымақтастықтың жалпы ұзақ мерзімді басымдықтары экономиканың жоғары технологиялық салалары есебінен тауар айналымының өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Елші ЕЭК өкілдерін 2020 жылғы 31 шілдеде өтетін «Ресей – Индонезия» іскерлік форумына қатысуға шақырды және ол Ресей мен Индонезия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 70 жылдығына орайластырылған.​