Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы өтпелі кезең ішінде бірқатар қызмет көрсету секторларын ырықтандыру жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ережесі мен құрамын мақұлдады

ЕЭК Алқасы өтпелі кезең ішінде бірқатар қызмет көрсету секторларын ырықтандыру жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ережесі мен құрамын мақұлдады

23.12.2015

22 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері бірқатар қызмет көрсету секторларын (ішкі секторларын) ырықтандыру жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ережесі мен құрамдарын  мақұлдады. Қызметтер бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жобасына сәйкес жүзеге асатын болады (өтпелі кезең ішінде).

ЕАЭО қызмет көрсету саудасы, құрылуы, қызметі және инвестициялауды жүзеге асыру туралы Хаттама (ЕАЭО туралы Шарттың 16-қосымшасы) қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыруды қамтиды. Ол мыналарды көздейді:

- қызмет беруші, қызметті алушы және қызметтердің өздеріне қатысты толыққандығни шектеулерсіз) анағұрлым қолайлы жағдай режимін және ұлттық режимін;

- ЕАЭО елдері тұрғындарына сандықинвестициялық және басқа шектеулерді қолданбау;

- басқа мүше мемлекетте арнайы мекемесіз қызметтер көрсету мүмкіндігін;

- қызмет көрсетуге рұқсатты және қызметтерді берушілердің кәсіби білікті қызметкерлерін автоматты тану.

Қызметтердің бірыңғай нарығы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 43 секторларда қызмет етеді. Мұндай қызметтер секторының тізбесі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 110-шешімімен бекітілді.

Ырықтандыру жоспарын жүзеге асырғаннан кейін қызметтердің бірыңғай нарығына басқа секторлар кіретін болады. Оларды дайындау Қызмет көрсету саудасы, құрылуы, қызметі және инвестиция жасау туралы Хаттамасында (ЕАЭО туралы Шарттың 16-қосымшасы) ескерілген.

Осыған сәйкес, ЖЕЭК 2015 жылғы 16 қазандағы 30-шешімімен құрамында 21 қызмет көрсету секторы бар қызмет көрсету секторларының (ішкі секторларының) тізбесі бекітілді. Бұл секторларда ЕАЭО қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру өтпелі кезең ішінде жүзеге асатын болады.

Бұл шешім бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкіметтеріне ырықтандыру жобасын ЕЭК-пен бірлесіп, нақты орындау мерзімдерін (өтпелі кезеңнің) көрсете отырып әзірлеу тапсырылды. Сол мерзімде өтпелі секторлардың бірыңғай қызметтер нарығы қалыптасатын болады. Бұл жобалар 2016 жылы ЖЕЭК қарауына берілетін болады.

Ырықтандыру жоспарын дайындау үшін ЕЭК Кеңесі Одақ елдерінің ұсыныстары негізінде ЕЭК Министрлері басқаратын 10 жұмыс тобын құратын болады. Жұмыс топтарының құрамына ЕАЭО елдерінің салалық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ ЕЭК құрылымдық бөлімшелерінің уәкілетті лауазымды тұлғалары кірді. Жұмыс топтары туралы Ережеде олардың жұмыс тәртібі мен қызметінің бағыттары бекітілді.

Бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру мен оның әрекет етуі еуразиялық кеңістіктегі бизнеске деген қажеттілікке жеткен интеграцияның даму жосығына сәйкес және құлдыраудың алдын алудың негізгі жолдарының бірі болып табылады. Бұл үдеріс ЕЭАО елдерінде тауарлардың, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.