Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов Зияткерлік меншік бойынша Дүниежүзілік «GIPC 2013» конференциясына қатысты

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов Зияткерлік меншік бойынша Дүниежүзілік «GIPC 2013» конференциясына қатысты

29.01.2013

2013 жылдың 23 - 27 қаңтар күндері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі, Министр Тимур Сүлейменов Бангалор (Үндістан) қаласында «Зияткерлік меншік құқығы – ертеңгі күннің локомотиві» тақырыбындағы Зияткерлік меншік құқығы бойынша Дүниежүзілік «GIPC 2013» конференциясының іскерлік бағдарламасына қатысты.

Іс-шараға түрлі елдердің үкіметтерінен келген 300-ден астам спикерлер, бизнес-қоғамдастықтар, зияткерлік меншік саласындағы жұмыс жасайтын халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Сөзінің барысында Тимур Сүлейменов Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) аясындағы ықпалдастықтың негізгі кезеңдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның әрекет етуі мен қызметіндегі ерекшеліктері жайлы хабардар етті. Министр, ЕЭК КО мен БЭК аумағында зияткерлік меншіктің қорғалуына және сақталуына зор мән беріп келе жатқандығын баса айтты.

Тимур Сүлейменов БЭК зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы келісім-құқықтық базаны қалыптастырып отырған негізгі құжаттарға назар аудартты. Сонымен де, ол әзірленіп отырған БЭК мемлекеттерінің аумақтарындағы тауарлардың белгілері, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы Шарттың жобасына назар аудартты. Бұл шартқа қол қойылуы БЭК мемлекеттерінің аумақтарындағы тауарлардың белгілерін және тауарлардың шыққан жерлерінің атауларын алу процедурасының оңайлатылуы әрі жеделдетілуіне; өтініш берушілердің шығындарының кемітілуіне; КО мен БЭК мүше мемлекеттердің патенттік ведомстволарында сараптау жүргізілуімен байланысты жұмыстардың көлемдерінің қысқаруына септігін тигізетін болады.

Министр сонымен қатар, Кеден одағына мүше мемлекеттер КО сыртқы шекараларында зияткерлік меншік құқығының тиімділігіне ерекше назар аударып отырғандықтарын айтты. Оның айтуынша, мұндай қорғалудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай кедендік тізбесі туралы Келісімге қол қойылды.

«БЭК жұмыс істеуі жағдайларында біз бүкіл Кеден одағының аумағында зияткерлік құқықтардың біркелкі кешенді қорғалуын, әсіресе, Кеден одағының кедендік шекаралары арқылы тасымалданғанда, зияткерлік меншік нысандарын қамтитын тауарларды кедендік бақылануын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге талпынамыз», - деді Министр.