Жүйеге кіру
ЕЭК тауарлардың кедендік құнын айқындауды кейінге қалдыру рәсімін қолдану практикасын талдауды бастады

ЕЭК тауарлардың кедендік құнын айқындауды кейінге қалдыру рәсімін қолдану практикасын талдауды бастады

29.01.2020
Кедендік декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құнын айқындауды кейінге қалдыру рәсімін қолдану мүмкіндігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексінде көзделген.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 103 шешімімен тауарлардың кедендік құнын айқындауды кейінге қалдыру жағдайлары және бұл рәсімді қолдану тәртібі айқындалған.

Одақ елдерінің тауарлардың кедендік құнын айқындауды кейінге қалдыру рәсімін қолдану пррактикасын талдау осы саладағы ЕАЭО құқығын одан әрі жетілдіру қажеттілігін зерделеу үшін жүргізіледі.

Тауарлардың кедендік құнын айқындауды кейінге қалдыру рәсімін жетілдіру бойынша проблемалық мәселелер мен ұсыныстар туралы ақпаратты (ЕАЭО КК күшіне енгенге дейін мұндай рәсімді қолдануды қоса) электрондық пошта мекенжайларына жіберулеріңізді сұраймыз: bobko@eecommission.org және kabakov@eecommission.org