Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы Беларусьте қарақұмық жармасының бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге ұзартты

ЕЭК Алқасы Беларусьте қарақұмық жармасының бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге ұзартты

29.01.2020

28 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы кедендік ынтымақтастық, бәсекелестік саясаты, техникалық реттеу, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің экономикаларын цифрландыру, ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуі және басқа бірқатар салалардағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы Беларусь Республикасындағы қарақұмық жармасының бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге – 2020 жылғы 30 қаңтардан бастап қоса алғанда 28 сәуірге дейін ұзартуға келісті.

Бұдан бұрын Беларусьте қарақұмық бағасын уақытша мемлекеттік реттеу ендірілген еді. Сауда үстемесінің барынша шекті деңгейі (көтерме сауда үстемесін ескере отырып) 25%-ға дейін шектелді, бұл республикадағы осы әлеуметтік маңызы бар тауар бойынша баға жағдаятын тұрақтандыруға көмектесті.

Алқа шешімі оң үрдісті сақтауға көмектеседі. Бұл ретте басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Беларусь нарығына кіруі үшін ешқандай кедергі жоқ.

ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссияның және Анд қоғамдастығы Бас хатшылығының бәсекелестік саясаты және құқық қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық бағдарламасын мақұлдады.

Атап айтқанда, осы салалардағы ынтымақтастық жөнінде тұрақты жұмыс тобын құру, бәсекелестік ережелерінің бұзылуына тергеп-тексерулер жүргізу және тауар нарықтарында тергеп-тексерулер жүргізу тәжірибесімен алмасу, ағымдағы мәселелер бойынша консультациялар өткізу, білім беру бағдарламаларына, тағылымдамаларға, тренингтерге және т. б. бірлесіп қатысу көзделген.

Анд қоғамдастығы өңірлік ұйым ретінде өз өңірінде бәсекелестік саласындағы бұзушылықтардың жолын кесу бойынша өкілетті және тиісті қызметті жүзеге асырады. Бұл Боливия, Колумбия, Эквадор және Перу кіретін Латын Америкасы елдерінің өңірлік әлеуметтік-экономикалық достастығы.

Одақтың «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама бекітілді.

Құжат 2021 жылға қарай Беларусь тарапының EN өңірлік стандарттары негізінде төрт мемлекетаралық стандарт, Қазақстан тарапының ISO халықаралық стандарттары негізінде үш мемлекетаралық стандарт әзірлеуін көздейді. Ресей тарапы 2022 жылға қарай 13 мемлекетаралық стандартты жаңартады және тағы бір мемлекетаралық стандартқа өзгерістер енгізеді.

ЕЭК Алқасы Одақтың «Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент» техрегламентіне өзектілендірілген стандарттар тізбесін бекітті.

Ерікті негізде қолданылатын стандарттар тізбесіне 13 мемлекетаралық стандарт және ЕАЭО елдерінің 3 ұлттық стандарты енгізілген. Зерттеулер мен өлшемдердің қағидалары мен әдістеріне арналған стандарттар тізбесі 120 мемлекетаралық стандартты, мүше мемлекеттердің 23 ұлттық стандартын, сондай-ақ 9 аттестатталған әдістемені (тиісті мемлекетаралық стандарттарды әзірлегенге және оларды стандарттар тізбесіне енгізгенге дейін) қамтиды.

Стандарттар тізбесін ЕЭК сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Одақ елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп дайындады. Олар одақтас мемлекеттерде әзірленген және қолданысқа енгізілген мемлекетаралық стандарттардың жаңа версияларын да ескереді.

Тізбелерге алғаш рет енгізілген стандарттар мен әдістемелерді ескере отырып, сынақ зертханаларын уақытылы аккредиттеу мақсатында өтпелі кезең көзделген. ЕЭК Алқасының шешімі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

ЕЭК Алқасы әмбебап болат шкафты ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының 9403 қосалқы тауар позициясында сыныптады. Бұл Одақ елдерінде номенклатураны біркелкі қолдануды қамтамасыз ету үшін қажет. Шкаф әмбебап болып табылады, өйткені ЕАЭО СЭҚ ТН әртүрлі тауар позицияларына кіретін түрлі бұйымдар мен құрылғыларды орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.