Жүйеге кіру
ЕЭК қызметтер секторларын ырықтандырудың жоспарларын талқылады

ЕЭК қызметтер секторларын ырықтандырудың жоспарларын талқылады

29.02.2016

24-26 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сулейменовтың төрағалығымен ырықтандыру жоспарларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай қызметтер нарығы құрылатын қызметтердің секторлары (кіші секторлары) жөніндегі жұмыс топтарының отырыстары өткізілді. 

Тимур Сүлейменов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шешіміне сәйкес, ЕАЭО мемлекеттерінің Үкіметтері ЕЭК-пен бірлесе отырып, 2016 жылғы 1 сәуірге дейін нақты секторларда (кіші секторларда) бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастырудың өтпелі кезеңінің нақты мерзімдерін көрсете отырып ырықтандыру жоспарларын дайындаулары тиіс екенін еске салды.  Ал осы жылдың 1 шілдесіне дейін Комиссия сол жоспарларды ЖЕЭК бекітуі үшін ұсынуы тиіс. 

Бекітілген ырықтандыру жоспарлары орындалған соң, ұлттық режимнің, анағұрлым қолайлы жағдайлар режимінің, сандық және инвестициялық шектеулерді қолданбау шарттарымен ЕАЭО кез келген елінде жеткізушілер қызмет көрсете алатын ортақ нарық режиміне секторларды аудару жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, оларға қайтадан заңды тұлға құруына талап етілмейді, ал Одақтың бір мемлекетінде берілген рұқсаттарды басқа бір мемлекетінде растау қажет болмайды.  Қызметтердің ортақ нарығы қызмет көрсетушінің қызметкерлер құрамы бір мемлекетте алған біліктіліктерін (тәжірибесін, білімдерін, қайта даярлануын және т.б.) басқа бір мемлекетте дәлелдеу рәсімдерін өтпестен мойындалуын көздейді. 

ЕЭК Министрі ЖТ-ға Одақ туралы Шартқа сәйкес ЕЭК әзірлеген моделдік ырықтандыру жоспарын басшылыққа алуды ұсынатынын айтып берді.  Бұл ретте, ырықтандыру жоспарлары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

- реттеудің маңызды теңгерімділікке (тең мәнділік) нақты қол жеткізілген немесе қолданыста болатын нақты секторларға (жекелеген нормаларға) қатысты талап етілмейтін заңнамаларды үйлестіру арқылы қызметке рұқсат беру (соның ішінде рұқсаттық талаптар мен рәсімдер) тетіктерін жақындастыру;

- әкімшілік ынтымақтастық тетіктерін құру;

- қызметтерді жеткізушілердегі қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін мойындау.

ЕЭК Жұмыс топтарының шеңберінде Тараптар Комиссиямен бірлесе отырып, қызмет берушіге қойылатын талаптардың сәйкестілігін анықтау үшін заңнамаға талдау жасау өткізілетін болады, соның қорытындысында әр сектор бойынша барлық реттеушілік талаптар бойынша маңызды теңгерімділігі анықталуы не болмаса оның болмау дерегі айқындалуы тиіс болады.  Теңгерімділікті (тең мәнділікті) мойындау тетігі реттеушілік талаптар мен рәсімдердің мазмұнындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындаушылыққа қатысты болады.

Мысалы, егер Қазақстанда қандайда бір қызметті көрсету үшін лицензия қажет болса,

ал Беларусьте – аттестат болса, онда теңгерімділікті мойындау үшін қызметкерлер құрамына, жабдықтарға және т.б. қойылатын біліктілік талаптарын салыстыру қажет болады. Егер де осы талаптар ұқсас немесе жанасымды болатын жағдайларда, Жұмыс тобы реттеудің теңгерімділігіне байланысты қазақстандық лицензиялар мен белорустық аттестаттарды біркелкі немесе ұқсас қызмет түрлері деп мойындау туралы алдын ала шешім қабылдайды.   Тимур Сүлейменов «Одақ туралы Шартқа сәйкес заңнамаларды үйлестіру нақты қызметті көрсететін жеткізуші тұлғаға қойылатын талаптар тіптен әрқалай болған айрықша жағдайларда ғана қажет болады» - деп келтірді.

Сонымен қатар, ЕЭК Министрі Тараптардың реттеушілерінің арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде ведомствоаралық келісімдерді жасасу жолымен (ЕАЭО туралы Шарттың 68-бабы) Одақтағы мемлекеттердің міндеттемелеріне назар аудартып отыр.  Оның айтуынша, осы бағыттағы жұмыс қызмет көрсетуге рұқсат беру тетіктері мен біліктілікті қамтамасыз ету жұмыстарымен параллелді жүргізілуі тиіс.

Осындай келісімдердің негізінде ұлттық ресурстардың мәліметтерімен ақпараттық алмасу (ал олар болмаған жағдайда - сондай ресурстарды қалыптастыру қамтамасыз етілгенде), сондай-ақ Одақтың Ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастырылатын болады.

Мүше мемлекеттердің нақты қызметке қатысты бірыңғай қызметтер нарығының қағидаларын қолдану бойынша міндеттемелері тіркелетін Жоғары кеңестің шешім қабылдауы Жұмыс тобы қызметінің логикалық аяқталуы ретінде болады.

Отырыстардың қорытындысы бойынша 11 наурызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Шешімімен бекітілген тізбедегі нақты бір қызметтер секторларының (кіші секторларының) шеңберінде қызметтерді реттеп отыратын Тараптардың нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін және мәтіндерін ұсынуға шешім қабылданды.  Бұдан басқа, жұмыс топтарының мүшелері 2016 жылғы 21 наурызға дейін Комиссияға жоспарлар бойынша іс-шаралар бөлігінде, әрі олардың орындалу мерзімдеріне және Тараптардың жауапты органдарына қатысты бөлікте нақты және келісілген ұсыныстарды табыс етулері тиіс болады.

Бірқатар қызметтер секторларын (кіші секторларын) ырықтандыру бірыңғай еуразиялық қызметтер нарығындағы ЕАЭО елдерінің бизнестегі бәсекелестіктерінің өсуін есепке ала отырып, ЕАЭО елдерінің халқы үшін қызметтер құнының төмендеуіне апарады.  Одақтың бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуі шеңберінде ЕАЭО серіктес елдеріндегі қызметтер саласындағы бизнес әртараптандырылды, ішкі ақшалай ағындарды бағыттаудың есебінен Одақтағы мемлекеттердің экономикаларына қосымша инвестициялар тартылды.  

Анықтама

2016 жылғы 12 ақпанда Комиссия Кеңесі ЕАЭО шеңберінде қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын секторлар (кіші секторлар) жөніндегі он жұмыс тобының құрамдарынбекітті.  20 сектор бойынша тоғыз жұмыс тобында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министр Тимур Сүлейменов басшылық етеді; бір топта – ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Министр Валерий Корешков басшылық етеді.

Комиссия Кеңесі жұмыс топтары (ЖТ) және он ЖТ құрамы туралы Ережелерді бекітті: құрылыс, инженерлік қызмет салаларындағы, қала құрылысын жобалау саласындағы, операторсыз серуендік кемелерді жалға алу және лизингі саласындағы; аудит саласындағы, есептіліктер мен бухгалтерлік есептерді жасау, жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер, геологиялық, геофизикалық және ізденіс жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қызметтер, маркшейдерлік түсірілім, картография, ауа-райын болжау және метеорология саласындағы, жарнамалау саласындағы; туроператорлар мен турагенттердің қызметтері саласындағы,  кино- және бейнефильмдерді өндіруге және таратуға қатысты қызметтер, бейнефильмдерді көрсету саласындағы, есептіліктер мен бухгалтерлік есептерді жасау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу салаларындағы қызметтер, техникалық сынақтар және талдаулар салаларындағы қызметтер.

Жұмыс топтарының құрамдары ЕАЭО уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерінен, бизнес-қоғамдастықтардың, салалық кәсіподақ ұйымдарының тарапынан келген сарапшылардан, сондай-ақ ЕЭК құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен құралып отыр.

ЖТ әзірлейтін ырықтандыру жоспарларына ЕАЭО мемлекеттерінен және (немесе) ЕЭК жауапты тұлғалар мен орындалу мерзімдері көрсетілген қызметтер саудасының шарттарын ырықтандыру жөніндегі нақты іс-шаралар кіретін болады.  Бұдан басқа, жұмыс топтары ортақ қызметтер нарығының шеңберінде секторлардың (кіші секторлардың) жұмыс істеуінің басталуының шекті мерзімдерін белгілейді.

Ырықтандыру жоспарларын дайындау Қызметтерді саудалау, құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы Хаттамамен көзделіп отыр (ЕАЭО туралы Шартқа қоса берілген № 16-қосымша)

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің деңгейінде Бурабай қаласында қол қойылған 2015 жылғы 16 қазандағы №30 шешімімен 21 қызмет сектордан тұратын тізбе бекітілген болатын, солар бойынша ортақ нарықтың қалыптасуы Одақтың барлық мемлекеттері үшін (өтпелі кезең арқылы) ырықтандыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.  Егер ырықтандыру жобасымен өзгеше көзделмеген болса, сол тізбедегі 11 қызмет секторына қатысты Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі өтпелі кезеңі көзделді. 

Бірыңғай қызметтер нарығының қағидалары қамтамасыз етілуге тиісті болатын секторлардың тізбесі кезең-кезеңімен және келісілген түрде кеңейтілуге, соның ішінде алып тастаулар мен шектеулерді кезең-кезеңімен қысқарту жолымен кеңейтілуге жатқызылады, яғни интеграциялық жобаны сөзсіз нығайтады.