Жүйеге кіру
1 сәуірден бастап авиатасымалдаушылар ЕАЭО аумағына тауарларды әкелгенге дейін олар туралы ақпарат беруге міндетті болады

1 сәуірден бастап авиатасымалдаушылар ЕАЭО аумағына тауарларды әкелгенге дейін олар туралы ақпарат беруге міндетті болады

29.03.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала хабарлауды енгізу туралы 2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 158 шешімі 2017 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

Құжатқа сай, авиатасымалдаушы одақтық аумаққа келгенге дейін кеден органына әуе кемесі және ұшу маршруты, соның ішінде әуе кемесінің ұлттық тиесілігі белгісі және тіркеу белгілері, пайдаланушының атауы, рейстің нөмірі, ұшып шығу және ұшып келу әуежайлары, жоспарланған келу уақыты туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Көлік құжаттарында қамтылған тауар туралы стандартты мәліметтерден бөлек, авиатасымалдаушылар әуе кемесі бортында Одақ аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың бар-жоғы туралы алдын ала хабарлауы тиіс. Сонымен қатар, кеден қызметтерін қару-жарақ, оқ-дәрі, құрамында есірткі, күшті әсер ететін, психотропты және улы заттар қамтылған дәрілік заттар секілді тауарлар санатын әкелу туралы хабардар ету керек.

Кеден органы алдын ала ақпарат (АА) анық емес, толық емес не техникалық талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, оны қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте мемлекеттік реттеуші өзінің бас тартуын негіздеуге міндетті. Кемшіліктерді түзеткеннен кейін авиатасымалдаушы АА-ны қайта тапсыра алады.

Соларға қатысты алдын ала ақпарат ұсынылмаған тауарлар қауіпті салаға жатқызылады. Бұған қоса, ЕАЭО Кеден кодексінің жобасында ақпарат ұсынбағаны үшін ұлттық деңгейде жауапкершілік белгілеу құқығы бекітілген.

ЕЭК Алқасының шешімі уәкілетті органдарға әуе кемесінің әуежайға келгенге дейін алдын ала кедендік бақылау нысанын айқындауға, жіті назар аударуды талап ететін тауарларды анықтауға, осы арқылы борттан жүкті түсіру уақытын және борттағы басқа тауарларды шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Одақта алдын ала хабардар ету институтын жетілдіру бөлігіндегі келесі қадам ұсынылатын ақпарат құрамын кедендік операцияларды жасауды жылдамдату мақсатында пайдаланылатын мәліметтермен кеңейту болмақ. ЕАЭО Кеден кодексінің жобасында алдын ала ақпаратты келу туралы хабарлама, халықаралық тасымалдау көлік құралының декларациясы, транзиттік декларация және т.б. ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін нормалар бекітілген. Қазіргі уақытта Комиссия ЕАЭО елдерінің мемлекеттік билік және бизнес уәкілетті органдарымен бірлесе отырып, осы нормаларды әрбір көлік түрі бойынша іске асыратын шешімдерді әзірлеуде.

Комиссия қағаздағы құжат айналымы мүлдем қолданылмайтын алдын ала хабардар ету институтының бірегейлігін ерекше атап көрсетеді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен мемлекеттік бақылау органдарының өзара қарым-қатынастарында осы институт пайда болғанға дейін қағаз жеткізгіштегі құжаттар жоқ технология болған емес. № 158 шешім Одақта сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді цифрлық трансформациялаудың кезекті қадамы болып табылады.