Жүйеге кіру
Игорь Гаевский: «ЕЭК тұтынушылардың құқықтарын қорғай отырып, контрафактілік және жалған өнімге қарсы күресуге бел буған»

Игорь Гаевский: «ЕЭК тұтынушылардың құқықтарын қорғай отырып, контрафактілік және жалған өнімге қарсы күресуге бел буған»

29.03.2018

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналысына бақылау жасау саласында бірыңғай тәсілдемелер болуға, ал осы саладағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары біріздендірілуге тиіс. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ұйымдастырған «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және ЕАЭО тұтынушыларының құқықтарын қорғау» дөңгелек үстеліне қатысушылар осындай ұсыныстар жасады.

Іс-шараға қатысқан бақылаушы мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, ғылымның, Одақ елдері өндірушілерінің өкілдері Комиссия ЕАЭО елдерінің жетекші институты ретінде Одақтың шарттары мен актілерінің сақталуын, оның алаңында қабылданған шешімдердің орындалуын шынайы бақылау функциясын иеленуге тиіс деп атап өтті.Мұндай бақылау механизмін тұжырымдау тұтыну нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Одақ нарығында жалған және контрафактілік өнімдер аз емес,- деп атап көрсетті ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Игорь Гаевский.- Бұл маңызды проблема. Комиссия экономиканың әртүрлі салаларындағы қауіптірек тауарлармен күресуге мүмкіндік беретін жүздеген құжаттар қабылдады. Бұл құжаттарды орындалуын бақылау ұлттық деңгейде қалдырылған. ЕАЭО елдерінде бақылауға қойылатын бірыңғай тәсілдемелердің болмауы алақол кәсіпкерлер үшін, соның ішінде азық-түлік нарығында белгілі бір өте шығатын тар жол жасады.
Бұзушылықтардың негізгі бөлігі азық-түліктердегі қауіпсіздіктің микробиологиялық және санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерінің Одақтың нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты болып отыр. Бірақтар жағдайларда ЕАЭО-ның таңбалау жөніндегі техрегламенттерінің нормалары сақталмайды: мысалы, қаптамада осы және өзге өнімнің құрамындағы жекелеген құрауыштар туралы мәліметтер жоқ; тұтынушыларды жаңылыстыратын жол беруге болмайтын жазулар жазылады және т.б.

Дөңгелек үстелге қатысушылар баламалы шаралар қабылдау қажеттігі пісіп-жетілгенін атап көрсетті. Дөңгелек үстелге қатысушылар бірінші кезекте мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын үндестіруді және тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналысына бақылау жасауды ұсынды. Мұндай үндестірудің тереңдігі мен сипатын түсіну үшін мұны алдын ала байсалды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып жасау қажет. Ортақ пікір бойынша, бұл істі Одақ елдерінің жетекші ғалымдарымен бірге Еуразиялық экономикалық комиссия өзіне ала алар еді.

Екінші ұсыныс - тұтынушылар құқығын қорғау үшін Комиссия қалыптастырып жатқан, ЕАЭО-ның бірыңғай ақпараттық базасын барынша тиімді пайдалану. Атап айтқанда, қауіпті тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың және осы саладағы мәліметтері кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді болатын анықталған бұзушылықтардың тізілімін жасау қажет. Сол кезде сатып алу мүмкіндігін алдын ала айқындау үшін ЕЭК сайтына кірген жеткілікті болар еді. Баламалы нұсқа ретінде «Роспотребнадзор» жанында құрылған ұқсас ақпараттық жүйе тәжірибесін Одақтық деңгейге дейін кеңейту ұсынылды.

Ақырында, дөңгелек үстелде айтылған үшінші маңызды бастама ЕАЭО елдерінде бақылауға және өзін өзі реттеу қағидаларына қойылатын тәуекелді-бағдарланған тәсілдемені ендіру есебінен бизнестің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне байланысты болды. Алақол кәсіпкерлердің пайда табу үшін азық-түлік тауарларының танымал сорттарын қолдан жасайтыны мәлім. Этикеткадан жақсы таныс атауды көре тұрып, кейде тұтынушылар көтеріңкі бағадағы әрі сапасы төмен өнімді сатып алады.

Бақылауда ортақ тәсілдемелерді қолдану, жауапкершіліктің бірыңғай шараларын белгілеу, Одақ елдерінің бақылаушы органдарының бір-бірімен және ЕЭК-пен өзара іс-қимылының айқын алгоритмі, сондай-ақ Комиссияға қадағалау саласында нақты өкілеттіктер беру - дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірі бойынша мұның бәрі Еуразиялық нарықта жасырын және жалған тамақ өнімдерінің жолына тиімді тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Анықтама

Дөңгелек үстелге ЕАЭО елдерінің бірқатар мемлекеттік бақылау органдарының, қоғамдық тұтынушылар одақтарының – Ресей Федерациясы Тұтынушылар одағының, «Росконтроль»-дің, Беларусь тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының; тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналысы саласында өз қызметін жүзеге асыратын бизнес-қауымдастықтарының – «БелАПС» республикалық агроөнеркәсіптік одағының, «Қазақстанның май-тоң май одағы» қауымдастығының, Сүт өндірушілердің ұлттық одағының («Союзмолоко»), Тағамдық ингредиенттер өндірушілер одағының, «Руспродсоюз» азық-түлік тауарларын өндіру және жеткізу қауымдастығының; ғылымның – Беларусь ҰҒА Азық-түлік жөніндегі ғылыми-практикалық орталық» РБК, «Тамақтану және биотехнология» ФСО» ФМБҒМ, Кондитер өнеркәсібі БҒЗИ (В.М. Горбатов атындағы тағамдық жүйелер ФҒО филиалы), сондай-ақ СПб «Тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сапасын бақылау орталығы» МБМ өкілдері қатысты.