Жүйеге кіру
ЕАЭО халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейтті

ЕАЭО халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейтті

29.04.2020

Еуразиялық экономикалық одақ әлемнің көптеген жетекші елдерімен және өңірлік интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастықты рәсімилендірді немесе олармен белсенді өзара іс-қимыл жасауда. 28 сәуірде ЕЭК Кеңесінің мүшелері қараған ЕАЭО-ның 2019 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамада осы жайында айтылған.

Одақ еркін сауда туралы келісім жасасқан, сондай-ақ өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған үшінші елдердің ЖІӨ-і (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша) 29,6 трлн долл. құрайды, бұл - әлемдік ЖІӨ-нің 23,2%-ы. Бұл елдерде 1,7 млрд адам немесе әлем халқының 21,6%-ы өмір сүреді. Өңірлік интеграциялық бірлестіктерді ескере келгенде, Одақтың шетелдік әріптестерінің ЖІӨ-і (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша) 43,9 трлн долл. немесе әлемдік ЖІӨ-нің 34,3%-ын құрайды, ал халық саны - 3,7 млрд адам немесе әлем халқының 48,5%-ы.

Ынтымақтастықтың құрылған механизмдерінің, бәрінен бұрын бірлескен жұмыс топтарының шеңберінде салалық диалог жандандырылды.

Одақтың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының географиясын әрі сапасын үдемелі кеңейту, диалогты практикалық мазмұнмен толықтыру жалғастырылды. Мұндай ынтымақтастық экономиканың әртүрлі саласындағы регуляториканың озық тәжірибесін Комиссияның тура түпкі дереккөзден алуына, сондай-ақ Одақтың мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуіне мүмкіндік береді.

Халықаралық іскерлік және сараптамалық қоғамдастықпен, соның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталарымен, іскерлік ынтымақтастық кеңестерімен, өңірлік даму банктерімен және түйінді халықаралық пікірсайыс алаңдарымен өзара іс-қимыл дәйекті дамытылды.

Еуразиялық экономикалық одақтың 2019 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына ұсынылады.