Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары жобасын мақұлдады

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары жобасын мақұлдады

29.04.2020

Құжат жобасы орташа мерзімді перспективада макроэкономикалық саясаттың мақсаттары ретінде макроэкономикалық тұрақтылықты және ЕАЭО мемлекеттерінде халықтың қол жеткізген өмір сүру деңгейін сақтауды, сондай-ақ Одақтың одан әрі озыңқы экономикалық дамуы үшін негіздер қалыптастыруды көздейді.

Және де құжат коронавирустық инфекцияның пандемиясына және шикізат бағаларының күрт төмендеуіне байланысты сыртқы күйзелістердің теріс әсерін тежеуге және экономикалық салдарын барынша азайтуға бағытталған шараларды қамтиды.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу мынадай бағыттар: макроэкономикалық орнықтылықты қолдау; инвестицияларды қолдау және өсіру, Одақтың ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін дамыту; тұрақты сұранысты қолдау, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және өзара сауданы жандандыру үшін жағдайлар жасау жөнінде интеграциялық және ұлттық шараларды іске асыруды бағамдайды.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірқатар мәселелері қазірдің өзінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірде қабылдаған «CОVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясының дамуы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қабылданып жатқан шаралар туралы» өкімінде көрініс тапты.

ЕАЭО мемлекеттерінің 2020-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларының жобасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында қаралатын болады.