Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі 2019 жылғы Комиссия шешімдері жобаларына РӘБ жүргізу жөніндегі есепті қарады

ЕЭК Кеңесі 2019 жылғы Комиссия шешімдері жобаларына РӘБ жүргізу жөніндегі есепті қарады

IMG_5156.jpg
29.04.2020

Құжат Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшелері мен бейінді жұмыс тобының өткен жылғы реттеушілік әсерді бағалау (РӘБ) рәсімін жүргізу жөніндегі статистикасы мен талдауын қамтиды.

 Комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов отырыс қорытындысы бойынша: «Талдау нәтижелері Одақ шеңберіндегі ұлтүсті реттеуді әзірлеу процесіне бизнесті тартудың оң нәтиже бергенін растап отыр. ЕЭК шешімдерінің жобаларын жария талқылау барысында өткен жылы кәсіпкерлер мен сарапшылар ұсыныстарының 80% өскені анық байқалды», - деп атап өтті.

Комиссия 2019 жылы бизнестің ЕЭК шешімдерінің жобаларын жария талқылау кезінде келіп түскен ұсыныстарының шамамен 56%-ын және РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулердің шамамен үштен екісін ескерді.

Соңғы жылдары Комиссияда РӘБ туралы теріс қорытындылар санының орнықты төмендеу үрдісі қалыптасқанын айтып өту қажет. Бұл Комиссияның кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды азайту жөніндегі жұмысының нәтижелілігін айғақтайды.

ЕЭК Кеңесі мақұлдаған есепті Еуразиялық үкіметаралық кеңес қарайтын болады.

Анықтама

ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау - бұл Одақтағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына олардың әсер етуінің бағалануы. РӘБ рәсімі екі кезеңнен: ағымдағы бағалаудан - ЕЭК шешімінің жобасын Одақтың сайтында ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын жария талқылаудан; қорытынды бағалаудан - ЕЭК арнайы құрылған жұмыс тобы РӘБ туралы қорытындыны дайындауынан тұрады.​