Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына үш жыл толуымен құттықтау

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына үш жыл толуымен құттықтау

29.05.2017

Құрметті достар!

3 жыл бұрын, 29 мамырда Астанада Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті – Владимир Путин және Беларусь Президенті – Александр Лукашенко Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияны дамытудың сапалы жаңа кезеңінің басталуының айрықша мәніне айналған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойды. Арада аздаған уақыт өткеннен кейін құжатқа Армения Президенті – Серж Саргсян мен Қырғызстан Президенті – Алмазбек Атамбаев өз қолдарын қойды.

Бүгінде ЕАЭО – бұл теңдестер бірлестігі, ортақ экономикалық кеңістік, жоғары әлеуетке және үлкен мүмкіндіктерге ие  елдер мен халықтар одағы.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Одақ елдерімен бірлесіп біздің интеграциялық бірлестігіміздің басты мақсаттарына қол жеткізу – мүше мемлекеттер экономикасының тұрақты дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету, Одақ шеңберінде кооперациялық тізбектер құру, өнеркәсіпті жаңғырту және қызметтің барлық салаларында инновацияларды енгізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұл біздің азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруға, олардың қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыру үшін жайлы орта құруға мүмкіндік береді.

Қысқа уақыт ішінде біз ұлтүсті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыра алдық және Одақ кеңістігінде төрт «еркіндік»: тауарлар, қызметтер көрсету, капитал және жұмыс күші қозғалысын іске асыра отырып, интеграцияны тереңдету бойынша маңызды қадамдар жасадық.

Қазірдің өзінде біздің елдеріміздің бизнес-қоғамдастығы мен халқы ЕАЭО құрудың артықшылықтарын сезіне алады. Дипломдарды өзара тану, жеке тұлғаларға қосарланған салықтар салуды жою, еңбекші мигранттар үшін тегін медициналық қызмет көрсету кепілдігі және т.б. Өзара сауда үшін жағдайлар жеңілдетілген. 2017 жылғы мамырда дәрілердің және медициналық бұйымдардың ортақ нарығы іске қосылды. ЕАЭО Кеден кодексі қабылданды.

Еуразиялық экономикалық одақ көптеген шет мемлекеттер үшін тартымды әріптеске айналды: шамамен 50 ел және бірлестік ЕАЭО-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді. Біз ЕАЭО және Жібек жолы Экономикалық белдеуін (ЖЖЭБ) ұштастыру бойынша ұзақ мерзімді жобаны іске асыруға қатысудамыз. 

Бүгінде Еуразиялық экономикалық бірлестік идеясы жаңа динамикаға ие бола отырып және барлық континенте елдердің өзара іс-қимылы сипаттамасын өзгертіп, шындыққа айналды деп айтуға әбден болады.

Біздің тарихымыздың атаулы кезеңімен құттықтаймын!

Баршаңызға бейбітшілік және амандық тілеймін! 

ЕЭК Алқасының Төрағасы 
Тигран Саркисян