Жүйеге кіру
ЕАЭО туралы шартқа алты жыл

ЕАЭО туралы шартқа алты жыл

2b31d486-4ca1-4a8e-bb6a-4885c206cba3.jpg
29.05.2020

Құрметті әріптестер, достар!

 

Бұдан алты жыл бұрын, 2014 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды.

 

Осындай ірі халықаралық бірлестікте экономикалық байланыстарды нығайту кәсіпорындар мен ұйымдарға бұдан да тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуге көмектеседі. Өзара тиімді сауданы қамтамасыз ету жөнінде өзекті шешімдер қабылдануда, тауарлардың ортақ нарықтары қалыптасуда, Одақтың 48 техникалық регламенті қабылданды, бірыңғай қызметтер көрсету нарығының режимі 53 секторда қолданылады.

 

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының және Одақ Үкіметтерінің күш-жігерінің арқасында мүше мемлекеттер азаматтарының өмірі мен жұмысы үшін қолайлы шарыттар жасалуда, білім туралы құжаттарды өзара тану қамтамасыз етілді, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойылды.

 

ЕАЭО туралы шартта беркітілгендей,  Одақтың негізгі мақсаты - төрт еркіндікті: тауарлар, қызметтер көрсету, капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігін толық  мәнінде  іске асыру.

 

Бүгінде біздің интеграциялық бірлестікке бес ел: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіреді. Молдова байқаушы мемлекет мәртебесіне ие. Байқаушы мемлекет мәртебесін алуға деген өз ниетін Өзбекстан да мәлімдеді. Вьетнаммен, Иранмен, Қытаймен, Сингапурмен және Сербиямен сауда келісімдеріне, 8 өңірлік интеграциялық бірлестікпен, 14 үшінші ел үкіметтерімен, 11 үшінші ел министрліктері және ведомстволарымен, 38 халықаралық ұйыммен және олардың бөлімшелерімен меморандумдарға қол қойылды.

 

Көп нәрсе істелді, бірақ алда  әлі де Одағымыздың игілігі үшін атқарылатын үлкен жұмыс бар.

 

Мерекелеріңізбен, достар!

 

ЕЭК Алқасының Төрағасы

Михаил Мясникович​