Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың атынан берілген таңғы асқа қатысты

Михаил Мясникович Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың атынан берілген таңғы асқа қатысты

29.06.2020

26 маусымда Мәскеуде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың атынан таңғы ас ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ресейде аккредиттелген елшілері қатысты.

 

Болашақта соғыстың қайталануына жол бермес үшін оның тағылымы жайындағы тарихи жадты сақтау жөніндегі күш-жігерді біріктірудің маңызына кездесу барысында айрықша назар аударылды. Өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасу болды.

 

Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес дипломаттарының жұмысына арналған экспозициялармен, шетелдік дипкорпустың эвакуация кезеңіндегі тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ кездесуге қатысушыларға Жеңістің 75 жылдығына орай әзірленген «Дипломатиялық майдандарда. 1941-1945» деп аталатын естелік басылым таныстырылды, басылымға кеңес дипломаттарының фашизмді талқандауға қосқан үлесіне арналған бірегей архивтік құжаттар енгізілген.