Жүйеге кіру
Кедендік реттеу бойынша Консультативтік комитетінің бесінші отырысы болып өтті

Кедендік реттеу бойынша Консультативтік комитетінің бесінші отырысы болып өтті

28.08.2013

28 тамыз күні Минск қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа мүшесі (Министрі) Владимир Гошиннің төрағалығымен Кедендік реттеу бойынша Консультативтік комитетінің бесінші отырысы болып өтті. Отырыста Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен бизнес-қауымдастық өкілдері пікір алмасты.

Кедендік реттеу бойынша Консультативтік комитетінің отырысында басты мәселе ретінде ЕЭК Алқасының «Кеден одағы бірыңғай кедендік аумағына темір жол көлігі арқылы әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын-ала хабарлау туралы» Шешім жобасы қаралды.

«Осы жобаны үш елдің бизнес-қауымдастығымен талқылау принципті маңызды мәселе болды, өйткені алғашқы кезінен-ақ оны Еуразиялық экономикалық комиссия, Кеден одағы мүше мемлекеттердің кеден қызметтері, үш елдің теміржол тасымалдаушылары, басқа да мемлекеттік органдарымен бірлесе әзірленген болатын», - деп атап кетті Владимир Гошин.

Пікірталас барысында кездесуге қатысушылар шекарадан өтуді тездетуге арналған тағы да бір мәселені қозғады. Атап айтқанда, талқылау нәтижесінде ЕЭК Алқасының халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау тәртібін жеңілдету туралы Шешім жобасы жасалды. Сондай-ақ, отырыста Комитет мүшелері Кеден одағы Кедендік кодексінің сілтеме нормаларын талдау, Кеден одағы кедендік шекарасы арқылы контейнерлерді өткізу туралы және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.