Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдеріндегі орнықты және инклюзивті өсуге қол жеткізудің тәсілдемелері туралы әңгімеледі

ЕЭК ЕАЭО елдеріндегі орнықты және инклюзивті өсуге қол жеткізудің тәсілдемелері туралы әңгімеледі

29.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өкілдері Булан-Соготтуде (Қырғызстан) өткен БҰҰ АзТМЭӘК елдерінің (Солтүстік және Орталық Азия) БҰҰ ОДМ іске асыру жөніндегі форумында БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы мақсаттарына (БҰҰ ОДМ) қол жеткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) интеграциялық әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің, жетекші дамыған және дамушы елдер экономикаларының инклюзивтігін бағалау нәтижелері ұсынылды.

 

Одақ елдерінің БҰҰ ОДМ іске асырудағы мейлінше көп прогресі Еуразиялық интеграцияның күн тәртібіне енгізілген және реттеудің ұлтүсті шараларының қолданылу өрісінде жатқан экономика салалары мен секторларында байқалады. Мүше мемлекеттердің БҰҰ ОДМ қол жеткізуіне жәрдемдесу үшін Комиссия тиісті міндеттер мен көрсеткіштердің Одақтың негіз қалаушы құжаттарына интеграциялануын қамтамасыз етеді; статистикалық көрсеткіштердің және елдердің ОДМ қол жеткізу үшін қабылдайтын шараларының мониторингін жүргізеді; орнықты дамуға жетудегі ЕАЭО елдері прогресіне интеграцияның ықпалын бағалайды; 2030 жылға дейінгі кезеңде БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруды тездетуі мүмкін жаңа салалар мен технологияларды анықтайды.

Бұдан басқа, мемлекеттердің № 17 БҰҰ ОДМ іске асыру шеңберінде орнықты өсуді қамтамасыз етудегі прогресін өлшеу үшін Комиссия БҰҰ СДК-мен ынтымақтастықта инклюзивті экономикалық өсудің жиынтық индексін әзірледі. Индекс әлеуметтік және экономикалық теңсіздік, халықтың өмір сапасы және басқа факторлар позициясынан ЕАЭО елдері экономикалық өсуінің тәуекелдері мен перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді.

Форумға қатысушылар Одақ мемлекеттері мен Солтүстік және Орталық Азияның басқа да елдері инклюзивті және орнықты өсуге қол жеткізу мәселелерінде тап болып отырған сын-қатерлер өңірдегі ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне негізделетінін атап көрсетті.

Форумда Солтүстік және Орталық Азия елдерінің мемлекеттік билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдары мен сарапшылық қоғамдастықтарының өкілдері сөз сөйлеп, Орнықты даму саласындағы мақсаттарды іске асыруға жәрдемдесудегі ұлттық тәжірибе және оларға қол жеткізудегі проблемалар туралы айтып берді. Өз кезегінде БҰҰ, ШЫҰ, АДБ және ЕАДБ жүйесінің ұйымдарын қоса, халықаралық ұйымдар мен институттардың өкілдері прогресті бағалауға және орнықты дамуға қол жеткізу үшін қаржыландыруды кеңейту құралдарын таңдау тәсілдемелерін, БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібін имплементациялаудағы трансшекаралық кедергілерді анықтау мен шешу әдістерін таныстырды.