Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт 2017 жылы күшіне енеді

ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт 2017 жылы күшіне енеді

29.11.2016

25 қарашада Бішкекте «ЕАЭО еркіндігінің төрт дәрежесі: тауарлар, жұмыс күші, қызметтер көрсету мен капитал қозғалысы. Тәжірибе және алынған сабақтар» атты конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Паиза Суюмбаева Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы  айтып берді.

Конференцияға Қырғыз Республикасы Үкіметінің, Жогорку Кенештің, министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми топтардың, сондай-ақ Одақ елдерінің бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.

 Паиза Суюмбаеваның айтуынша, интеграцияны дамытудың негізгі бағыттарының бірі – жұмыс күшінің қозғалысы жолындағы тосқауылдарды жою. «Мүше мемлекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жеткілікті түрде құқықтық реттелмеуі ортақ еңбек нарығын қалыптастыру кезіндегі тежеуші фактор болып табылады», - деген сенімде ЕЭК Департаменті директоры – Осыған байланысты еңбекшілердің зейнетақы мәселесі аса өзекті болып отыр».

Паиза Суюмбаева Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп ЕАЭО елдері еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасын, сондай-ақ зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жасап жатыр, - деп хабарлады. Бұдан өзге, аталған құжат уәкілетті орган мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттемек. 

Шарт жобасы бойынша жұмыс аяқталу кезеңінде. Жоба таяу уақытта оған қол қоюға қажетті  мемлекетішілік рәсімдерді өткізу үшін Одақ елдеріне жіберілетін болады. Шарт 2017 жылы күшіне енеді деп күтілуде.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақ еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыруды реттеу мақсатында әзірленуде.

Еуразиялық экономикалық одақ еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасын әзірлеу кезінде Комиссия мен мүше мемлекеттер Комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №103 шешімімен мақұлданған Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарт тұжырымдамасын басшылыққа алады.

Шарт күшіне енгеннен кейін мүше мемлекеттердің азаматтары мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде олар ие болған зейнетақылық құқықтарды іске асыра алады.