Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Өзара пайданы таргеттеу ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың түйінді міндеті болып табылады»

ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Өзара пайданы таргеттеу ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың түйінді міндеті болып табылады»

фото 1.jpg
29.11.2019

ЕЭК штаб-пәтерінде болған кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мен ҚХР-дың Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуды, сондай-ақ биылғы 25 қазанда күшіне енген Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың алдағы қадамдарын талқылады.

Ресейдегі ҚХР елшісі ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекетпен қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең күн тәртібі бойынша сындарлы диалог жалғасады деген ниетін білдірді. Чжан Ханьхуэй басымдықты міндеттердің бірі ретінде сауда және өзара инвестициялар көлемін арттыруды, бірыңғай көлік-логистика инфрақұрылымын құруды, сондай-ақ саудадағы тосқауылдарды азайту үшін реттеуші нормаларды жақындауды атады.

ЕЭК министрі Мәскеудегі Қытай елшілігімен өзара іс-қимылдың дәстүрлі сенімділікті сипатын атап көрсете келіп, Қытай тарапының тиімді сауда-экономикалық диалог құруға деген ұмтылысын қолдады. Вероника Никишинаның пікірінше, ЕАЭО мен ҚХР арасындағы келісім экономиканың салалары бойынша ынтымақтастықты жандандыру үшін және тұтастай алғанда саудадағы тосқауылдарды азайту үшін барлық қажетті институционалдық механизмдер мен құқықтық негіздерді жасайды.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар келісімнің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзара іс-қимылдың бірінші кезектегі міндеттері бойынша ұсыныстармен алмасуға уағдаласты.​