Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық одақ Иранмен еркін сауда аймағы бағытында жұмысты бастап отыр

Еуразиялық экономикалық одақ Иранмен еркін сауда аймағы бағытында жұмысты бастап отыр

24.12.2015

23 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Иранмен бірлесе отырып, еркін сауда туралы келісімді бекіту болашағы туралы ортақ зерттеуді іске қосады. Бұл жайлы Тегеранда ЕЭК Сауда министрі Слепнев Андрей және Иран мемлекетінің Өнеркәсіп, сауда және шахта министрі Моххамад Реза Нематзаде мәлімдеген болатын.

Құрылған бірлескен зерттеу тобы (БЗТ) осындай келісімнің болашағын бағалауы, экономикалық тиімділігін барынша көбейту мүмкіндігін анықтауы, оның мүмкін болатын форматына, Тараптардың міндеттер шегіне және нақты салалардағы кооперация тереңдігіне нақты ұсыныс жасауға тиіс болады.

ЕЭК Сауда министрі Слепнев Андрей «Иран біз үшін стратегиялық әріптес. Күтілген халықаралық санкциялардың жойылуы мемлекетте жаңа экономикалық-аймақтың даму нүктесін құруға алғышарт қояды, ал исламдық републиканың әлемдік экономикаға қайта интеграциялану «Үлкен Еуразия» шеңберінде ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Үндістан, Пәкістан және Ирак елдері бағытында көліктік дәліздер ашуға және «Солтүстік-Оңтүстік» Еуразиялық көліктік кеңістік құруға мүмкіндік пайда болады» -деп мәлімдеді.

Бірлескен жұмыс тобының мақсаты Иранмен ЕАЭО мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін нақты ұсыныстар енгізу, өзара экономикалық дамудың мүмкіндігін жүзеге асыру мақсатында келісім форматын ұсыну. Бұл үшін сарапшыларға бизнес жүргізу ерекшеліктерін, өзара сауданы нақты зерттеу қажет.

Иран және ЕАЭО мемлекеттері өзара тауар айналымының күшеюін және экономикалық ынтымақтастық өрісінің әртараптануын күтілуде. «2015 жылдың қаңтар-қазан айларында ЕАЭО елдерінен Иранға жіберілген тауарлар экспорты 1,4 млрд АҚШ долл., ал импорт – 445 млн АҚШ долл. Асты. Еуразиялық Одақ елдері Иранға ауыл шаруашылығының тауарларын тасымалдайды: бидай, арпа, жүгері, өсімдік майы. Өнеркәсіп тауарларының тасымалы жүргізіледі: болат прокаты және жүк көлігі, ағаш материалы, қағаз, синтетикалық талшық. Сонымен қатар, электр қуаты тасымалданады. Ираннан импорт ретінде көбіне көкөністер, жеміс, цемент және мұнай өнімдері тасымалданатынын, — ЕЭК Сауда министрі Слепнев Андрей атап айтты — Әлбетте, экспорт және импорт барынша әртараптандырылып, ал тауарлар және қызмет көрсету сұрыптамасы кеңеюі мүмкін». 2014 жылы ЕАЭО мемлекеттерімен Иран арасындағы жалпы сауда қызметін көрсету айналымы шамамен 700 млн АҚШ долл. құрады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Министрлер топтың бірлескен жұмысы ЕАЭО мемлекеттерімен Иран арасындағы қарым-қатынастың дамуына үлкен үлес қосатындығын айтты.

Иран мемлекетімен бірлескен зерттеу тобын құру туралы шешім Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесімен 2015 жылдың 21 тамызында қабылданған болатын.

Анықтама

Бірлескен зерттеу тобының (БЗТ) жұмысы – бұл еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерге дайындық кезеңі. БЗТ шеңберінде мамандар елдердің экономикаларының құрылымын және олардың ішкі және сыртқы саудасының параметрлерін зерттейді, өзара мүдделіліктер саласын іздейді. Жұмыстың қорытындысы бойынша БЗТ ЕСА туралы келіссөздердің пайдалылығы туралы тұжырымдары бар толық есеп береді. Аталған баяндаманың негізінде ЕАЭО елдерінің Президенттері келіссөздердің пайдалылығы туралы шешім қабылдайды.