Жүйеге кіру
ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алулар мақсаты үшін тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде жұмыс тобы құрылды

ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алулар мақсаты үшін тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде жұмыс тобы құрылды

29.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссияның Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында осы Комитет жанынан Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Оның негізгі міндеті - мемлекеттік сатып алулар мақсаты үшін Еуразиялық өнеркәсіп өнімі тізілімін жүргізу қағидаларын және ЕАЭО аумағында тауардың шығарылған елін растау тәртібін әзірлеу болады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскіде Комиссияға бұл құжаттарды үстіміздегі жылдың аяғына дейін әзірлеуді және бекітуді тапсырды.

Жұмыс тобының құрамын және оның отырыстарының графигін ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин алдын ала бекітті. Мүдделі тұлғалардың ұсыныстары бойынша топ құрамы толықтырылатын болады.

Жұмысты Ресей Федерациясы Үкіметінің №№ 616 және 719 қаулыларында бір мезгілде көзделген тауар позицияларынан шығара отырып, салалық белгілері бойынша құрылған төрт кіші топ жүзеге асыратын болады.

Бірінші кіші топ станок жасау, энергетикалық машина жасау, электр техникасы және кабель өнеркәсібі, кеме құрылысы өнімін; екінші кіші топ – автомобиль құрылысы және теміржол машина жасау өнімін; үшінші кіші топ – арнаулы машина жасау өнімін; төртінші кіші топ – жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі, компрессорлық және тоңазытқыш жабдығы өнімін, жеңіл өнеркәсіп өнімін, химия және мұнай-газ-химия өнімін қарайды.

Тауарларды сәйкестендірудің негізі ретінде ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын пайдалану ұсынылады.

Жұмыс тобының және салалық кіші топтардың қызметіне қызығушылық туындай қалса, Еуразиялық экономикалық комиссияға тегін, атын, әкесінің атын; лауазымы мен жұмыс орнын (пошта мекенжайын көрсете отырып); электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірін көрсетіп, жеке сипаттағы мәліметтерді жолдау қажет.

Топтың қызметі жөнінде қажетті ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияның жауапты қызметкері Айжан Дусуруповадан мына: +7(499) 669 2400 (қос. 5436) телефоны немесе dusurupova@eecommission.org электрондық поштасы бойынша алуға болады.

Жұмыс тобының бірінші отырысы 7 тамызда болады.​