Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесінің қорытындылары: техникалық реттеу саласында бірқатар шешімдер қабылданды

ЕЭК Кеңесінің қорытындылары: техникалық реттеу саласында бірқатар шешімдер қабылданды

03.03.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің 3 наурыздағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығында тауарлардың қауіпсіздігін арттыру, кеден заңнамасын жетілдіру және саудадағы кедергілерді жою туралы сөз болды.  

ЕЭК Кеңесінің төрағасы, Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Олег Панкратов отырысты аша отырып, мынаны атап өтті: «Бүгін біз Еуразиялық интеграцияға қатысты мәселелердің ең ауқымды спектрін талқылап отырмыз. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – біздің елдеріміздің азаматтарына Одақ елдері экономикаларының әлеуетін біріктіруден келетін нақты пайданы сезінуге бөгет келтіретін кедергілердің санын азайту. Бұдан басқа, ЕАЭО туралы шарт негізінде сол шарттық міндеттемелерді қатаң сақтауды қамтамасыз ету өте маңызды. Және әрине, бизнесіміздің тыныс-тіршілігін жеңілдететін және Одақ экономикаларының технологиялық дамуына ықпал ететін бірыңғай нормативтік актілер мен техникалық регламенттер қолданылатын ортақ кеңістік құру өте маңызды. Осы мәселелерді шешу  сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға оң әсерін тигізеді».

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті қабылдау ЕЭК Кеңесінің маңызды шешімдерінің бірі болып отыр. Комиссияның  Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валерий Корешков осыған байланысты мынаны атап өтті: «Құжат Одақта шығарылатын химиялық өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды, сондай-ақ оның сәйкестігін бағалау қағидалары мен нысандарын, сәйкестендіру қағидаларын, терминологияға, таңбалауға және оны салу қағидаларына қойылатын талаптарды белгілейді».

Техникалық регламент Одақтың аумағында пайдаланылатын химиялық заттар мен қоспалардың тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді көздейді. Оларды тізілімге енгізу мемлекеттік тіркеу хабарламасын алу үшін негіз қалайтын  фактор болып табылады. Химиялық өнімнің  физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты қауіпті әсер ету түрлері бойынша ол мынадай он үш санатқа бөлінеді: жарылғыш, сығылған газ, газ тәріздес тұтанғыш, өздігінен ыдырайтын, өздігінен жылытатын, сумен байланыс кезінде қауіпті химиялық өнім және тағы басқалары. 

ЕЭК Кеңесінің шешімі одақтас елдер халқының өмірі мен денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, химиялық өнімнің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-қимылдардың алдын алуға бағытталады.  

ЕЭК Кеңесінің мүшелері автомобиль қозғалтқыштарына арналған салқындатылған сұйықтықтардағы метил спиртін қолдануды шектеді, оның массалық үлесі 0,05%-дан аспауға тиіс. Бұл норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.  

ЕЭК  Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валерий Корешков атап өткеніндей, жанар-жағармай материалдарының, майлар мен арнаулы сұйықтықтардың қауіпсіздігі мәселелерін Одақтың тиісті техникалық регламенті реттейді. Соңғы уақытта ЕАЭО нарығында 40%-ға дейін метил спирті бар, сапасы төмен антифриздердің сатуға түсу жағдайлары жиіледі. Бұл рұқсат етілген нормадан елеулі түрде асып түседі және адамдардың өміріне қатер төндіреді. Автохимия нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Комиссия техрегламентке метанол қолдануды шектеуді көздейтін өзгерісті дайындады. Бұдан бұрын регламентте у ретінде сыныпталатын метанолдың құрамы жөнінде талап болмағанын ескерген жөн.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мукай Кадыркулов ЕАЭО-ның жаңа Кеден  кодексімен бір мезгілде күшіне енуге тиіс Комиссия шешімдерінің жобаларымен жұмыс туралы хабарлады. Жиырма екі жоба уәкілетті экономикалық операторлардың сыртқы экономикалық қызметті жүргізу жағдайларын, кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуін растауды, кедендік транзит рәсімін қолдануды, жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды өткізу қағидаларын және басқа да мәселелерді регламенттейді.

«Дайындалған құжаттардың көпшілік бөлігі Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарына келісуге жіберілді», - деп хабарлады Мукай Кадыркулов. – Оларға қатысты реттейтін әсерді бағалау рәсімі басталды. Бұл құжаттар ЕАЭО-ның Кеден  кодексінің озық жаңалығын толыққанды қолдануды қамтамасыз етеді, сондықтан да олар жаңа  кодекспен бір мезгілде жұмыс істегені қағидаттық маңызды».

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында 2 сәуірге дейін «Ақ кітап» деп аталатын -  «ЕАЭО кедергілер, алып қоюлар және шектеулер» атты баяндамасының жариялануы туралы шешім қабылдады.   

Баяндамада 60 кедергінің тізбесі бекітілген, олар бойынша алып қоюлардың және шектеулердің санын азайтуға мүмкіндік беретін «жол карталары», іс-шаралар жоспарлары қалыптастырылатын болады.  Алғашқысын осы жылдың жазында Еуразиялық үкіметаралық кеңесте ұсыну жоспарланып отыр.

«Ақ кітапты» жариялау» - бұл  кедергілерді жою жөніндегі жұмыстың келесі кезеңіне көшу, - деп атап өтті  ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян. –  Басынан бастап  ЕЭК Алқасы Төрағасының идеясынан оны іске асырғанға дейін ЕЭК қызметкерлеріне Одақтың мүше мемлекеттері үкіметтерінің өкілдерімен бірлесіп, осы жобаның барлық қатысушыларын біріктіруге тиіс болатын көп күрделі шешімдер қабылдауға тура келді». 

ЕЭК Кеңесі оларды кейіннен «Ақ кітаптың» ағымдағы редакциясына енгізе отырып, әрбір отырыста мүше мемлекеттердің Еуразиялық одақтың кедергілер, алып қоюлар және шектеулер тізілімінен кедергілерді келісу туралы мәселелерді қарауды шешті. Кедергілердің барлық тізбесін келіскеннен кейін ол Одақтың интеграциялық векторын бағалаудың бастау көзіне айналады.

ЕЭК Кеңесі қабылдаған шешімдер Еуразиялық экономикалық одақта бизнес жүргізу жағдайларын оңайлатуға бағытталады және халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз етуге ықпал етеді.