Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдерінің металл өнімдерін өндірушілердің мүдделерін қорғады

ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдерінің металл өнімдерін өндірушілердің мүдделерін қорғады

160218_004.jpg
03.10.2017

2 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеңесінде кеме қатынасы туралы келісім мақұлданды. Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесінің мүшелері, вице-премьерлер Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің мемлекет басшылары мен үкіметтерінің қарауына түсетін бірқатар құжаттардың жобаларын келісті.
 
ЕАЭО елдеріндегі кеме қатынастары туралы келісім ЕАЭО мемлекеттерінің тулары астындағы кемелердің Одақ елдерінің ішкі су жолдарына қолжетімділігін жеңілдетеді және өзен көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде бизнестің әкімшілік шығындарын төмендетеді. Құжаттың маңызды бөлігі кеме құжаттарын және кеме капитаны мен экипаж мүшелерінің біліктілік құжаттарын өзара тану болып табылады. Келісім аралас ішкі су жолдарында тасымалдау және тіркеп сүйреу кезінде, транзит және екіжақты тасымалдау кезінде жүзу тәртібі мен талаптарын белгілейді. ЕЭК Кеңесі келісімнің ұсынылған жобасын қабылдады және оны құжатқа қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өткізу үшін мүше мемлекеттердің үкіметтеріне жіберді.
 
ЕЭК Кеңесінде ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамалармен жұмыс тәртібі келісілді. Құжаттың негізі бастаманы пысықтауға өтініш беруден бастап жобаны іске қосу туралы шешім қабылдауға дейінгі жұмыстардың барлық сатыларын қамтитын процестік модель (қызметтің байланысты моделі) болып табылады. Жұмысы өтініштерді талдау және бағалау сапасын арттыратын сарапшылар тобын (бастамаларды басқару кеңсесі деп аталатын) қалыптастыру ұсынылады. Бұдан басқа, Комиссия порталының базасында бастамалардың бірыңғай тізілімі, сондай-ақ жобалардың авторларымен өзара іс-қимылға және бастамаларды қарау процесінің мониторингі мен олардың негізінде зерттеулер жүргізуге арналған интерфейс құрылатын болады.
 
Процесті алдын ала модельдеу бастамалардың тіршілік циклын тиімді басқаруға, оларды бағалау және қорытынды шешім қабылдау бойынша жұмыс процесінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді. Жобалармен жұмыста ағымдағы өзгерістерге реакцияның жылдамдығы артады, қаржылық шығындар азаяды, мемлекет пен бизнес арасындағы кооперация сапасы артады.
 
Құжаттың жобасы мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының Еуразиялық мемлекетаралық кеңестің отырысында қарауына жіберілетін болады.
 
ЕЭК Кеңесі 2017 жылғы 11 қазанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бірқатар шешімдерінің жобаларын мақұлдады. Онда Одақтың сауда және көлік саясаты саласындағы бірқатар мәселелер қаралатын болады. Күн тәртібінің негізгі тақырыптарының бірі ЕАЭО цифрлық күн тәртібін 2025 жылға дейін іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау болады. Бұдан басқа, Одақтың 2018 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары ұсынылатын болады. Президенттер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ЕАЭО Кеден кодексін ратификациялау барысы туралы хабардар етіледі.
 
Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – ЕАЭО елдерінің Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығы.​