Жүйеге кіру
ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті зияткерлік меншік саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті зияткерлік меншік саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

30.01.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаеваның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Атқарушы комитетінің Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Игорь Илингинмен 29 қаңтарда Мәскеуде ТМД Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде болып өткен кездесуінде Еуразиялық кеңістікте цифрлық ортадағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы күрес және контрафактілік өнімнің айналымына қарсы әрекет ету механизмдерін жетілдіру қажеттігі талқылаудың түйінді тақырыптары болды.

Кездесу 2018 жылғы 6 желтоқсандағы ЕАЭО-да интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияда беркітілген ТМД елдерімен жан-жақты диалогты және көп форматты ынтымақтастықты дамытуға арналған ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды іске асыру шеңберінде өтті.

Қазір ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті өз мемлекеттерінде құқықтық қорғау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және зияткерлік меншік объектілерін қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Біздің елдеріміздің алдында әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндеті тұр, мұның замани, әлемдік сын-тезге жауап бере алатын зияткерлік меншікті қорғау мен сақтау жүйесі болмаса, мүмкін еместігі сөзсіз. Бірлескен күш-жігер осы міндетті шешу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Ғалия Жолдыбаева.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар зияткерлік меншік саласында бірлескен іс-шаралар өткізу және ақпарат алмасу туралы уағдаласты.