Жүйеге кіру
ЕАЭО тауарларын бақылап отыру жүйесінің құрылымы, тері бұйымдарын таңбалау және Еуразиялық технологиялар трансферінің желісін құру мәселелері ЕЭК Кеңесінде талқыланды

ЕАЭО тауарларын бақылап отыру жүйесінің құрылымы, тері бұйымдарын таңбалау және Еуразиялық технологиялар трансферінің желісін құру мәселелері ЕЭК Кеңесінде талқыланды

30.03.2018

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің мүшелері 30 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарларын бақылап отыру жүйесінің құрылымын талқылады, тон және тері бұйымдарын бақылау (сәйкестендіруші) белгілермен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы есепті қарастырды, Еуразиялық технологиялар трансферінің жүесін (ЕТТЖ) құру жөнінде шешім қабылдады. ЕАЭО Бірыңғай фитосанитариялық талаптарына және Бірыңғай карантиндік объектілер тізбесіне өзгерістер енгізілді.

ЕАЭО тауарларының цифрлық бақылап отыру жүйесінің әзірлеушісі оның архитектурасының таныстырылымын өткізді.

«Бүгінгі күні Комиссия Кеңесінің отырысы біздің әріптес елдерді ФКҚ-нің жүкті бақылау саласында атқарылған жұмысымен көрнекі түрде таныстыру үшін Федералдық кеден қызметінің қабырғасында өтіп жатыр, - деп атап өтті ЕЭК Кеңесінің отырысында төрағалық еткен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары Игорь Шувалов. - Ұсынылған ақпараттық жүйе бірінші кезекте кедендік рәсімдерден өту ашықтығының қадағалануын қамтамасыз ету үшін жасалған, бұл біздің ортақ жұмысымыздың басымдылығының бірі болып табылады. Біз бұл салада Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерімен белсенді ынтымақтасатынымызға сенеміз».

Одақ елдерінде пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл орайда  бір тауарлық топ шеңберіндегі ЕАЭО тауарларының цифрлық платформасы негізінде тауарларды таңбалау және бақылау жөніндегі жобалар туралы және ЕАЭО-ға мүше елдердің аумағы арқылы автомобильдік және теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын транзиттік тасымалдарды навигациялық пломбалар (зияткерлік трекерлер) көмегімен мониторингтеу жөніндегі жобалар туралы сөз болып отыр.

«Біздің тауарларды бақылап отыру жөніндегі пилоттық жобаларымыздың мақсаттарының бірі бизнес үшін аса қолайлы жағдай жасау, транзитке қызмет көрсетуді жеделдету болып табылады», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян. Сондай-ақ, ол пилоттық жобаларды іске асырғаннан кейін ЕАЭО елдерінде бақылап отыруды қамтамасыз ету үшін қандай жүйелерді имплементациялауға болатыны айқын болатынын атап өтті. Жалпы архитектурасының есебінен  бақылап отыру жөніндегі ұлттық жобалардың ұштасуы  қамтамасыз етілуге тиіс.

Комиссия Кеңесінің мүшелеріне тон және тері бұйымдарын бақылау (сәйкестендіруші) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны ЕАЭО елдерінде іске асыру нәтижелері туралы есеп​  ұсынылды.

Таңбалау жүйесін енгізудің өзекті оң әсерлерінің бірі тері бұйымдары нарығының айтарлықтай “ашылуы” болды. 2017 жылғы қорытындылар бойынша Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының нарықтарында шамамен 5,1 млн табиғи теріден жасалған бұйым айналымға шығарылды, бұл нарық сыйымдылығы туралы ресми статистикалық деректерден айтарлықтай жоғары. Мысалы, «Росстат" пен Ресей ФКҚ-ның ресми деректері бойынша 2015 жыл ішінде Ресейге 376 мың бұйым өндіріліп әкелінді. Бұл ретте өнімнің бір бөлігі бұрынғыдай көлеңкелі айналымға шығарылғанын ескеру керек. Таңбалау жүйесін енгізудің тағы бір оң аспектісі кедендік төлемдер түсімінің өсуі, сонымен қатар жанама түрде - нарық субъектілерін заңдастыру  болып табылады.

Бүгінгі таңда пилоттық жоба Беларусь Республикасында (2016 жылғы 20 наурыздан бастап), Қазақстан Республикасында (2017 жылғы 27 қарашадан бастап) және Ресей Федерациясында (2016 жылғы 1 сәуірден бастап) іске асырылуда. Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасын жобаға осы жылы қосу жоспарлануда.

Еуразиялық технологиялар трансфері желісінің құрылу және жұмыс істеу тұжырымдамасы   бекітілді. ЕТТЖ-ны құру ЕАЭО-да тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, Одақ мемлекеттерінің ынтымақтастығының озық нысандарына ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді, кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін арттырады, өнеркәсіптік өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.

Құжатқа сәйкес ЕТТЖ бизнес-байланыстарды орнату және технологиялармен алмасу мүмкіндігін беретін алаң болады. Желіге мүдделі өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, инновациялық-технологиялық орталықтар, технологиялар трансферінің орталықтары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, сонымен қатар қазіргі бар білімдерін, ғылыми зерттеу нәтижелерін, жаңа технологиялар мен зерттемелерді табыстауға, ендіруге және бейімдеуге мүдделі шағын бизнес өкілдері енеді.

ЕТТЖ ЕАЭО-ның өнеркәсіпшілеріне озық зерттемелерге қолжетімдік беріп қана қоймай, сондай-ақ технологиялық аудит жүргізу және технологиялар трансфері мәселері жөніндегі заңнаманы қолдану мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігін береді. Тұжырымдаманы жасап шығару кезінде ұқсас желілерді жасау және дамыту бойынша үздік әлемдік тәжірибе зерттелді. Құжатқа желі шеңберінде өзара іс-қимыл және қызмет етудің келісілген қағидаттары, форматтары мен механизмдері енгізілген.
Сонымен қатар тұжырымдама негізіне ақпаратты, технологияларды және жоғары технологиялық жабдықтың тізбесін іздеу және алмасуға арналған мамандандырылған платформа құру мүмкіндігі салынған. ЕТТЖ-де технологиялық сұратулар мен ұсыныстарды орналастыру қағидаты пайдаланылады деп көзделуде.

ЕЭК Кеңесінің екі шешімі​ Одақ елдеріндегі карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның кедендік шекарасы мен кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға, сондай-ақ ЕАЭО-ның Бірыңғай карантиндік объектілер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді бекітті. Өзектендірілген құжаттар Одаққа  ауыл шаруашылығы дақылдарына елуден астам зиян келтірушілердің енуіне жол бермеуге көмектеседі.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарығында жағдай жасау мақсатында Армения Республикасының қаржы саласындағы ақпаратпен, соның ішінде құпиялы ақпаратпен алмасу туралы келісімге қосылуы туралы хаттамаға қол қойды. Келісім 2016 жылғы 21 қазанда күшіне енді. Ол капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін және қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қаржы нарықтарында жағдай жасауға себепші болады.  

1.      Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы
2.      ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі отырысы
3.      Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің 2018 жылғы 5 сәуірдегі отырысы
4.     ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Ресей банктері қауымдастығының съезінде сөз сөйлеуі
5.      ЕЭК және «Мир» МТРК арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум
6.     ЕЭК-тің ЭСКАТО-ны орнықты дамыту жөніндегі Бесінші Азия-Тынық мұхит форумы шеңберіндегі  дөңгелек үстелі
7.      ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 3 наурыздағы отырысы
8.      2018 жылғы 30 наурыздағы ЕЭК Кеңесі
9.      Тағамдық өнімнің қауіпсіздігі және ЕАЭО тұтынушыларының құқықтарын қорғау
10.     ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы отырысы