Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының қорытындысы: аяқ киім өндірушілердің шығындары азаяды, ал дәрілердің ортақ нарығында айқын ойын қағидалары қалыптасатын болады

ЕЭК Алқасының қорытындысы: аяқ киім өндірушілердің шығындары азаяды, ал дәрілердің ортақ нарығында айқын ойын қағидалары қалыптасатын болады

111.jpg
30.06.2017


 30 маусымда ЕЭК Алқасында техникалық реттеу және кедендік әкімшілендіру саласында шешімдер қабылданды.

Өтініштердің электронды түріне және медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды тіркеу кезінде құрылатын құжаттаманың құжаттарына қойылатын талаптар мақұлданды. Осылайша, дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығының қазіргі заманғы цифрлық технологиялық инфрақұрылымы қалыптасады. Талаптар Одақ елдерінің уәкілетті органдарына ұсынылатын электрондық нысандардың құрылымы мен толтыру қағидаларын белгілейді. Осы шешімдерді қабылдау нарыққа барлық қатысушылар үшін билік органдарымен, қадағалау және реттеу органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде тең жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасы Шағын өлшемді кемелерді сыныптау туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітті. Бұл барлық мүдделі тұлғалар үшін шағын өлшемді кемелер туралы мәліметтердің айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге, қадағалау ведомстволарына ұсынылатын мәліметтер тізбесін біріздендіруге және бизнес пен Одақ елдерінің азаматтарына әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Қабылданған тәртіпте бірыңғай тізілімге енгізілген деректердің толық қамтылған тізбесі, соның ішінде тіркеу нөмірі, жарамдылық мерзімі, шағын өлшемді кемені әзірлеуші және оның иесі туралы мәліметтер, шағын өлшемді кеменің санаты және бірқатар басқа да деректер айқындалған.

ЕАЭО «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне қатысты стандарттар тізбесінің жаңа редакциясы қабылданды. Өзекті етілген тізбе, соның ішінде автомобиль бензинінде октан және цетан санын, күкірттің, бензолдың, көмірсутектің салмақ үлесін анықтау әдістеріне 40 мемлекетаралық стандартты қосуды көздейді. Ұлттық стандарттарды қолданудың өтпелі кезеңдері белгіленді.

Бұдан басқаЕЭК Алқасының мүшелері ЕАЭО «Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке қатысты мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізді. Бұл өндірілетін тауарлардың, соның ішінде кабельдік өнімнің, сақтандырғыштың, конденсаторлардың, шамдардың, жекелеген тұрмыстық электрлік аспаптардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын халықаралық және Еуразиялық талаптарды үндестіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 359 жаңа мемлекетаралық стандарттың 244-і IEC мен ISO нормаларын және 115-і EN нормаларын ескеретін болады.

Сонымен бірге, ЕЭК Алқасының мүшелері 57 – 66 ГГц радиожиілік жолағында жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 100 мВт аспайтын IEEE 802.11ad перспективалы стандартының радиоэлектрондық құралдарын әкелу қағидаларын оңайлату туралы шешім қабылдады. 2400 – 2483,5 МГц радиожиілік жолағында жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт аспайтын ұшақтар, катерлер және т.б. модельдерін радиобасқару аппаратураларын әкелуге рұқсат беру құжаттары қажет болмайды. Қабылданған шешімнің тағы бір маңызды нәтижесі IEEE 802.11ac стандарты шеңберінде пайдалану үшін рұқсат етілген радиожиілік жолақтарын 5650 – 5725 МГц-тен 5650 – 5850 МГц дейін арттыру болып табылады.

Осылайша, тұрмыстық электрониканы және компьютерлік техниканы, соның ішінде Wi-Fi роутерлерді, қашықтықтан басқарылатын механизмдерді, радиобасқарылатын модельдерді, ұшатын шағын аппараттарды және т.б. әкелу кезіндегі қосымша әкімшілік  шектеулер алып тасталды. Бұл тауарларды кедендік ресімдеу және жеткізу мерзімдерін қысқартуға, ағымдағы шығындарды азайтуға және операциялық қызметті оңайлатуға мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасының шешімімен ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ ТН) және Бірыңғай кедендік тарифіне (БКТ) былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған бояулар мен лактарға қатысты өзгерістер енгізілді. Тауарлардың бұл түрлері ЕАЭО СЭҚ ТН 3210 00 900 0 кіші  қосалқы позициясына бөлінді. Оларға екі жыл мерзімге кедендік құнның 0% көлемінде ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі белгіленді.

Кедендік-тарифтік реттеудің бұл шарасы ЕАЭО-да өңдеу материалдары ретінде пайдаланылатын бояулар мен лактар өндірілмейтіндіктен Одақ елдері экономикасының былғары және былғары-галантерея салаларын қолдауға бағытталған.

ЕЭК Алқасының шешімімен ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енгеннен кейін Одақ аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралы ретінде әкелінуі мүмкін авто және мотокөлік құралдары мен олардың тіркемелерінің тізбесі бекітілді. Тізімге ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында сыныпталатын жеңіл автомобильдер (медициналық мақсаттарға арналғандарды қоспағанда); ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында сыныпталатын квадроциклдар, қар кешкіштер, қар-батпақ кешкіштер, жол талғамайтын мотокөлік және өзге де жалпы пайдалану жолдары бойымен қозғалысқа арналмаған моторлы көлік құралдары (жалпы пайдалану жолдары бойымен қозғалысқа арналмаған жарыс автомобильдерін қоспағанда); ЕАЭО СЭҚ ТН 8711 тауар позициясында сыныпталатын мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер;  ЕАЭО СЭҚ ТН 8702 тауар позициясында сыныпталатын, жүргізушіні қоса алғанда 12-ден аспайтын адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары; ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21 және 8704 31 қосалқы позицияларында сыныпталатын толық салмағы қоса алғанда 5 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары; ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 тауар позициясында сыныпталатын толық салмағы қоса алғанда 3,5 тоннаға дейінгі тіркемелер (автомобильдерді тасымалдауға арналған тіркемелерді қоспағанда); ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 қосалқы позициясында сыныпталатын тұруға арналған немесе автотуристерге арналған «үй-автотіркеме» типті тіркемелер енді.

Сонымен бірге, осы шешімде оларға сәйкес декларанттар мен кеден қызметтері осы көлік құралдарының шығарылған күнін және жұмыс көлемін анықтайтын тәртіп баяндалған.

Шешім 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және олардың шығарылумен байланысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы келісімнің жекелеген ережелерін алмастырады және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексімен бір мезгілде қолданыла бастайды.