Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді

ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді

30.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның бастамасы бойынша ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің және Комиссияның Алқа мүшелері (министрлер) Серік Жұманғарин мен Гегам Варданянның Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен бейнеконференция режиміндегі жұмыс кеңесі болып өтті.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі «Мемлекеттік және муниципалдық мұқтаждықтар үшін сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін шет мемлекеттерде шығарылатын өнеркәсіптік тауарларға, сондай-ақ елдің қорғаныс мұқтаждықтары мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін шет мемлекеттерде шығарылатын өнеркәсіптік тауарларға, шетелдік тұлғалар орындайтын (көрсететін) жұмыстарға (қызметтер көрсетуге) қол жеткізуге тыйым салуды белгілеу туралы» № 616 қаулысының қабылдануына байланысты ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік өнімдерінің Ресей Федерациясының мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларына қол жеткізуін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер талқыланды.

«Бұл жайында Беларусьтің және Қазақстанның мемлекеттік органдарының, бірқатар министрліктердің өтініштері бар. Тараптар Ресей Федерациясында
№ 616 қаулының қолданыла бастауы жаңа сауда тосқауылына әкеп соқтырады деп алаңдауда», -
деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

Тараптардың деректері бойынша, қазірдің өзінде Ресей Федерациясының аумағында мемлекеттік және муниципалдық сатып алуға қатысудан бас тартулар тіркелген. Одақтың бірқатар елі мен ЕЭК-тің өкілдері туындаған жағдаятты өзгерту қажет деп санайды.

 

2 шілдеде ЕАЭО мемлекеттерінің өкілдерімен консультациялар барысында барысында проблемалық мәселелерді реттеудің мүмкін болатын нұсқаларын қарау туралы шешім қабылданды. Бұл бірыңғай одақтық нарықтағы ықтимал кедергілерді жою және Одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алуларына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қажет.