Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құру мәселесі бойынша жұмыс тобын қалыптастырды

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құру мәселесі бойынша жұмыс тобын қалыптастырды

30.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 30 маусымдағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақты дамыту және қолдау институтын құру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобын қалыптастыру туралы өкім қабылданды. Жұмыс тобын ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев басқарады.


ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құру қажеттігі туралы бұдан бұрын Қырғыз Республикасы айтты. ЕЭК Кеңесі бастаманы қарап, Одақ мемлекеттерінің билік органдарының және уәкілетті ұйымдарының өкілдерінен жұмыс тобын қалыптастыруды тапсырды.


Комиссия Алқасының отырысында мәселені таныстыра келіп, Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Тоты Қалиасқарова: «Қолданыстағы өңірлік қаржы институттары шеңберінде экономикалық дамуды қаржыландырудың құралдары мен механизмдерін кеңейту мәселелерін жұмыс тобының отырыстарында талқылау бағамдалып отыр», - деп атап өтті.


Тұжырымдалған ұсыныстар туралы ЕЭК Кеңесінің отырысында баяндау жоспарлануда.