Жүйеге кіру
ЕЭК Ресейді ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге шақырды

ЕЭК Ресейді ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге шақырды

01.07.2020

Комиссия Алқасының 30 маусымдағы отырысының қорытындысы бойынша Ресейге Еуразиялық экономикалық одақ құқығын орындау қажеттігі жайында хабарлама білдіру туралы шешім қабылданды. Белорустық бірқатар кәсіпорын шығарған сиыр етінің Ресейге жеткізіліміне және оның аумағы арқылы Одаққа мүше мемлекеттерге өткізілуіне тыйым салу жөніндегі «Россельхознадзор»-дың іс-әрекетін Алқа ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тосқауыл деп біліктейді.

Жүргізілген мониторинг барысында белорустық сиыр етінің Ресейге жеткізілімін «Россельхознадзор» 2019 жылдың аяғынан бастап тоқтатып тұрғаны анықталды.

Одақ құқығына сай ЕАЭО-ның кедендік аумағы шектерінде бақылаудағы тауарлар көліктің барлық түрімен өткізілген кездегі ветеринариялық бақылауды мүше мемлекеттің уәкілетті органдары оларды өндіру және тиеу кезінде жүзеге асырады.