Жүйеге кіру
Электронды түрде берілетін мәліметтер мен құжаттардың жіктеулері, форматы мен құрылымын дайындау бойынша сарапшылар тобының 4-отырысы өткізілді

Электронды түрде берілетін мәліметтер мен құжаттардың жіктеулері, форматы мен құрылымын дайындау бойынша сарапшылар тобының 4-отырысы өткізілді

30.07.2013

25 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Людмила Кузьмичтің төрағалық етуімен бейнеконференция режимінде Электронды түрде берілетін мәліметтер мен құжаттардың жіктеулері, форматы мен құрылымын дайындау бойынша сарапшылар тобының 4-отырысы өткізілді.

Отырыс барысында сарапшылар тауарлар декларациясының бөліміндегі «Тауарлардың тұрған жері» 30-шы тармағына өзгерістер енгізу мәселелерін, тауарлардың тұрған орнын жіктеу жобасын, кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің құрылымындағы өзгерістерді және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады. Сарапшылар қараған тәртіп пен жіктеулер Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік заңнамаларының сәйкестендіру қағидаттарын ескере отырып жасалды, олар тауарлар декларациясын толтыру мен мәліметтерді кедендік бақылау процедуралары мен тәртіптерін жеңілдетуге бағытталған.

Өткен отырыс нәтижесінде қабылданған шешімдер Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа шешімдерінің сәйкес жобаларынан өздерінің орнын тапты.

Анықтамалық ақпарат.

Тауарлар декларациясын толтыру тәртібі туралы Нұсқаулық Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 Шешімімен бекітілді.

Кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің құрылымы мен форматы Кеден одағы Комиссиясының 2010ж. 14 қазанындағы №421, 2010 ж. 18 қарашасындағы №450 Шешімдерімен бекітілді.