Жүйеге кіру
«Еуразиялық апта» форумында «ЕАЭО-ның жас көшбасшысы мектебі» ашылады

«Еуразиялық апта» форумында «ЕАЭО-ның жас көшбасшысы мектебі» ашылады

30.07.2019

25-27 қыркүйекте Бішкекте (Қырғызстан) өтетін «Еуразиялық апта» IV Халықаралық көрме форумында жастар тақырыбы күн тәртібінің басты назарында болады. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктері жас дипломаттарының бірлестіктерімен жүйелі өзара іс-қимыл жасау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жанынан Жастар кеңесінің құрылуы бұл тақырыптың өзектілігін арттыра түсті.

«Үстіміздегі жылы
Еуразиялық экономикалық одақ ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуының бес жылдығын атап өтеді. Біздің Одағымыз – жас өңірлік бірлестік. Оның қызметіне жас мамандарды белсендірек тарту қажет деп санаймын. Біз ЕАЭО-ның зияткерлік ресурстарын сақтауға және негізгі бизнес-процесс – өндіріс тауарлары емес, жаңа білімдер өндірісі болатын білім қоғамын қалыптастырумен байланысты Еуразиялық интеграциядағы жастардың рөлін күшейтуге зор мән беріп отырмыз», - дейді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян.

Жастар трегі шеңберінде
«ЕАЭО-ның жас көшбасшысы мектебі» өтеді, ол Одақ елдері жастарының өзара іс-қимылын нығайтуға, жас ұрпақтың білім деңгейін арттыруға, жастар бастамаларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге, оқып-үйрету және жұмысқа орналасу перспективаларын талқылауға бағытталған. Әрбір қатысушы ЕАЭО қызметінің әртүрлі аспектілеріне терең үңіліп, оның дамуының өзекті бағыттары мен жастар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы біле алады.

«Біз үшін жастардың болашақта өзінің кәсіби мансабын нақ осы экономикалық бірлестігімізбен байланыстырғаны және Еуразиялық элитаға айналғаны маңызды.«Еуразиялық апта» шеңберінде жастардың Еуразиялық идеяны қолдау жөніндегі бірқатар іс-шаралары жоспарланған, өйткені Одақтың табысы біздің идеяларымызды жеткізушілердің кімдер болатындығына байланысты», -
деп санайды ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Форумда Тигран Саркисян ЕАЭО-ның жас көшбасшыларымен кездеседі, олар ЕЭК Алқасы Төрағасына өздерін қызықтырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады, сондай-ақ Одақтың перспективалары жайында өз идеялары мен ойларын ұсына алады. Жастар үшін бұл білім мен тәжірибені
тура түпкі дереккөзден алудың бірегей мүмкіндігі болады.

Мектептің іс-шараларының бірі - «Өзіңнің Еуразиялық компанияңды құр» деп аталатын ЕАЭО-ның жас көшбасшыларына арналған бизнес-ойын болады, бұл олардың
Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің жетекшілік етуімен өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді. Жас көшбасшылардың жетекшілік етушілерден алған тапсырмаларын орындауына олардың іскерлік бағдарламасының іс-шараларына қатынасуы көмектеседі.

Жастар трегі ЕАЭО жоғары оқу орындарының Еуразиялық тақырып бойынша білім беру бағдарламаларының
таныстырылымын, сондай-ақ жоғары оқу орындарында осы тақырыпта жүргізіліп жатқан зерттеулерді қамтиды.

Анықтама

«Еуразиялық апта» форумы - ЕАЭО елдері мен ЕЭК ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. Оны өткізу туралы шешімді 2015 жылғы мамырда мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қабылдады. Іс-шара іскерлік және көрмелік бөлікті қамтиды, B2B және B2G- байланысуларды орнатуға ықпал етеді.

Форум алғаш рет 2016 жылғы қазанда Ресейде «Ашық инновациялар» Мәскеу халықаралық форумында өтті. Екінші форум 2017 жылғы тамызда Астанада (Қазақстан) ЭКСПО алаңында өтті және Дүниежүзілік көрменің іскерлік бөлігінің неғұрлым маңызды 18 шарасының тізіміне енгізілді. 2018 жылы «Еуразиялық апта» Ереванда (Армения) өтті және ЕАЭО мемлекеттерінің, Сингапурдың, Европалық одақтың, Оңтүстік Кореяның, Чилидің, Вьетнамның, Мысырдың, Иранның және басқа елдердің бизнесін, мемлекеттік құрылымдары мен сарапшылық қоғамдастықтарын білдіретін 3100-ге жуық келушінің басын қосты.​