Жүйеге кіру
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Сүлейменов Солтүстік және Орталық Азияда экономикалық өсуді сақтап қалу мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысты

ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Сүлейменов Солтүстік және Орталық Азияда экономикалық өсуді сақтап қалу мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысты

30.08.2013

27-28 тамыз күндері Алматы қ. Азия мен Тұнық мұхит елдері үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭӘКАТМ) қамқорлығымен жоғары дәрежедегі саясат мәселелері бойынша ЭӘКАТМ Диалогының 4 сессиясы – халықаралық «Солтүстік және Орталық Азияның тұрақты және сенімді өсуі үшін макроэкономикалық саясат» конференциясы болып өтті. Конференцияға Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан орталық банктердің басшылары, қаржы министрлері және басқа да жоғары қызметтегі тұлғалар қатысты.

ЕЭК Экономика және қаржылық саясат министрінің төрағалығымен «Өңірлік инфрақұрылымды дамыту» 4 пікірталас сессиясы болып өтті. Отырысқа Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) стратегия және зерттеулер бойынша басқарушы директоры Владимир Ясинский, Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Сародж Кумар Джа, Азиялық даму банкі Қазақстан өкілдігінің директоры Мэтью Вестфол қатысты.

Сессияға қатысушылар көлік, телекоммуникация және қаржылық инфрақұрылымдарының дамуын аймақтың дамуын ынталандырудың және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі қозғаушы факторы ретінде талқылады. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және жеке капиталды инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік (МЖС) арқылы дамыту үшін қаржыландыру көздерін әртараптандыруға ерекше назар аударылды.

Сессияны қорытындылай, ЕЭК Экономика және қаржылық саясат министрі Тимур Сүлейменов Солтүстік және Орталық Азия елдері экономикаларының келелі мәселелерін, яғни халық тығыздығының төмендігін және ауқымды аумақтарда инфрақұрылымның тозуын, тиімді шешу жолдарын істеп шығару керек екендігін атап өтті. Сондықтан Солтүстік және Орталық Азия елдерінде өнімділікті арттыру және тұрақты экономикалық өсуді қолдау мақсатында жоғары сапалы инфрақұрылымға инвестиция салу өте маңызды. Осыған орай мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институтын жекеменшік инвестициялар мен бюджеттік қаржыландырулармен қатар, аймақтық инфрақұрылымды дамытудың өте тиімді құралы ретінде қарау тиіс.

«Шетелдік инвесторларды тарту үшін бизнес-орталықтың маңызы зор. Және кез келген инвестор, әсіресе ұзақ мерзімді және қомақты қаржыны қажет ететін жобаларға келгенде, осы елде оның құқықтарын қорғау механизміне назар аударатын болады. Барлық елдеріміз осыған назар бөлуі керек. Инфрақұрылымды дамыту осы саладағы заңнамаға өзгерістер енгізу ғана емес, оған қоса, елдеріміз үшін максималдық экономикалық әсерге қол жеткізу мақсатында келелі мәселелер біржолата шешілуі керек. Сондай-ақ, қаржыны тиімді тарту және инвестицияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, транзакциялық шығындарды азайтатын әрі қолжетімді қаржы құралдарының спектрін кеңейтетін қаржылық нарықтардың әрі қарай интеграциялау негізгі бағыт болып табылады», - деп айтты Тимур Сүлейменов.

Анықтамалық ақпарат.

​Жоғары дәрежедегі саясат мәселелері бойынша ЭӘКАТМ диалогы Азия мен Тұнық мұхит елдері үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭӘКАТМ) дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру бойынша консультациялар топтамасының бөлігі болып табылады.