Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов: «Сенімгерлік қатынастарды қамтамасыз ету үшін реттеушілер мен бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылын жолға қою қажет»

ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов: «Сенімгерлік қатынастарды қамтамасыз ету үшін реттеушілер мен бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылын жолға қою қажет»

30.09.2019
IV «Еуразиялық апта – 2019» халықаралық көрме форумы шеңберінде өткен «Бизнес, ақша, адам: ЕАЭО-дағы интеграцияны тереңдету тәсілдемелері» панельдік сессиясының қатысушылары бизнес-ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік қызметті әсіресе қызметтер көрсету саласында жандандыру мәселелерін талқылады. 

Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен өтті. Сессия спикерлері арасында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей уәкілетті мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ қазақстандық, ресейлік бизнес-қоғамдастықтардың және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Іскерлік кеңесінің өкілдері бар.

Сессияға қатысушылар бірыңғай нарықтағы қазіргі бар кедергілерді қарады, оларды жою, сондай-ақ Одақ ішіндегі экономикалық процестерді оңайлату құралдарын ұсынды. Мүше мемлекеттер мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің пікірінше, мұның ЕАЭО дамуының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қағидатты мәні бар.

Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары Елена Перминова айтқандай, техникалық реттеу көп ретте тұтынушыларды қорғау үшін емес, Одақтың басқа елдерінің нарықтарына кіруді шектеу үшін пайдаланылады. Ол Беларусьте 2019 жылғы ақпаннан бастап реттеуші әсерді бағалау рәсімі енгізілгенін де атап өтті. Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметтер көрсету нарығының проблемаларын бейнелейтін жекелеген кейстерге тоқталды. Бұл, атап айтқанда, қызметтер көрсетушілер персоналына қосарлы салық салу, лизинг саласындағы шектеулерді енгізу. Елена Перминова имплементацияның қажеттігіне және Одақтың барлық елінің өз міндеттемелерін адал орындауына назар аударды.

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының вице-президенті, ЕАЭО Қаржы-банк қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Мурычев атап өткендей, ЕАЭО туралы шартқа № 16 қосымшада шоттар ашу, аударымдар мен төлемдер кезінде шектеулерді қолданбаумен байланысты қаржылық қызметтер көрсету тұтынушыларының құқықтарын қорғау кепілдіктері жазылған. Алайда практикада бұл кепілдіктер бірлескен күш-жігермен ғана жойылуы мүмкін қатаң реттеушілік пен ауыртпалық бар болуына байланысты қолданылмайды.

ЕАЭО Іскерлік кеңесі хатшылығының басшысы Станислав Наумов одақтық кепілдіктерді ірі компаниялар үшін ғана емес, сол сияқты жергілікті нарықтардағы Одақ елдерінің кез келген бизнесі үшін де орындау қажеттігі туралы мәлімдеді. Ол сондай-ақ ЕАЭО ішіндегі «баррикадаларды», соның ішінде одақтық міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы әрбір ұлттық шенеуніктің «хабардарлық презумпциясын» енгізу жолымен жою қажеттігін атап көрсетті.   

«Қызметтер көрсету көлемін өсірудің стоп-факторы бизнес үшін қатаң реттеуші шаралар мен шектеулердің бар екендігі болып табылады.Өз кезегінде бірыңғай нарықтың пайдалары таңдаулы, ең аз ауыртпалықты практикаларды енгізумен қол жететін ішкі реттеуді ырықтандыру дәрежесіне байланысты. Бұдан басқа сенімгерлік қатынастарды қамтамасыз ету үшін реттеушілер мен бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылын жолға қою қажет», – деп қорытындылады Тимур Жақсылықов. 

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.