Жүйеге кіру
Вероника Никишина: «Сауда әріптестерімен келіссөз процесін сақталып отырған тарифтік емес тосқауылдарда шоғырландыру қажет»

Вероника Никишина: «Сауда әріптестерімен келіссөз процесін сақталып отырған тарифтік емес тосқауылдарда шоғырландыру қажет»

20190930113402.jpg
30.09.2019

Бішкекте «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы шеңберінде «ЕАЭО сауда саясатының 2020-2024 жылдарға арналған негізгі бағыттары» сарапшылық сессиясы барысында ЕАЭО елдері сарапшылық және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) алдағы бес жылдықта сауда саясатын қалыптастыру үшін айрықша маңызы бар мәселелерді талқылады. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина қатысты.


Қаралған тақырыптардың арасында – өңірлік ынтымақтастықты дамыту және еркін сауда аймақтары туралы келісімдер жасасудың перспективалық бағыттары, Одақтың сауда саясатын жүргізу кезіндегі қолдампаздық пен ырықтандырудың арақатынасы мәселенамасы, ЕАЭО мемлекеттері компанияларының шет елдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан қарағанда мейлінше көп әлеуетке ие жобаларды іске асыру перспективалары бар.


Сессия модераторы, ЭЖМ ҰЗУ Сауда саясаты институтының директоры Александр Данильцев сыртқы сауда мәселенамасының ерекшеліктерінің бірі диалог тараптарын тең дәрежеде қанағаттандыруға қабілетті қарапайым шешімдердің жоқтығы болып табылады деп атап өтті. Міне сол себепті де ымыраны тұжырымдаудың күрделі процесіне барлық сатыда бизнестің әртүрлі салалары мен секторларының өкілдерін тарту қажет.


Іс-шарада Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы, агроөнеркәсіп секторы, балық және тамақ өнеркәсібі, металлургия кәсіпорындарының, құрылыс материалдары өндірісінің өкілдері өз позицияларын айтты. Пікірсайысқа қатысушылар сыртқы сауда әріптестерімен, соның ішінде Қытаймен, Үндістанмен, Иранмен, Түркиямен қатынастарда сол немесе өзге себептер бойынша алаңдаушылық тудырған бірқатар мәселені белгілеп көрсетті. 


Еркін сауда аймақтары туралы уағдаластықтар – ұзақ уақыт бойы оң ықпалын тигізетін сауда-саяси қатынастарды түзуде маңызды тренд екені аталып өтті. Алайда бұл ретте тактикалық шаралар туралы, соның ішінде Одақ елдерінің өндірісшілері үшін мүмкіндіктердің нақты терезелерін іздеудегі ЕЭК тарапынан берілетін жәрдем туралы ұмытуға болмайды.


Вероника Никишина сауда саясатын жүргізудің Еуразиялық экономикалық комиссия таңдап алған бастамашыл стилі жоғары нәтижелерге жеткізіп те жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, күн тәртібінде бірқатар мәселе қалып отыр, оларды шешу үшін бизнес-қоғамдастықпен тұрақты кері байланысты жолға қою айрықша маңызды.


«Қолда бар тарифтік емес және өзге де кедергілерді белгілеп қою, келіссөз процестерін соларға шоғырландыру және бұл мәселенаманы өңірлік ынтымақтастық туралы келісімдерде ескеру қажет», – деп атап өтті ЕЭК министрі. 


Сессияда айтылған ұсыныстар жинақталады және Комиссияның жұмысында пайдаланылатын болады.


Анықтама 

«Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы – Бішкек қаласында өтті. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланды. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңды қамтыды. Форумға 2000-нан астам адам қатысты.


Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.