Жүйеге кіру
ЕЭК Бішкекте «Еуразиялық апта – 2019» форумында криптовалюталар мен блокчейндер бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін таныстырды

ЕЭК Бішкекте «Еуразиялық апта – 2019» форумында криптовалюталар мен блокчейндер бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін таныстырды

20190930123544.jpg
30.09.2019
IV «Еуразиялық апта – 2019» халықаралық көрме форумы алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) «Дамытуға болмайды тоқтатуға» – Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) криптовалюталар мен блокчейндерді реттеудің проблемалары мен перспективалары. Дұрыс екпін қалай қойылады?» деген таныстырылымы барысында криптовалюталар мен блокчейндерді реттеудің мүмкін болатын жолдары ұсынылды.

Комиссия жүргізген талдау жұмысының нәтижесі «Криптовалюталар мен блокчейндер – жаңа экономиканың атрибуттары. Реттеуші тәсілдемелерді әзірлеу: халықаралық тәжірибе, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің практикасы, Еуразиялық экономикалық одақта қолдану перспективалары» баяндамасы болды.

Криптовалюталарды шектеу жағына қозғалу, бір жағынан, азаматтарды қаржылық пирамидалардан және өзге алаяқтық іс-әрекеттерден қорғауға көмектеседі, ақшаның жылыстауымен күреске ықпал етеді. Екінші жағынан, толық тыйым салу жоғары технологиялық дамудың әлеуетін тоқтатып қояды және экономиканың көлеңкелі секторын цифрландыру үшін жағдайлар жасайды, ал айқынсыз реттеу венчурлық жобаларға инвестициялар тартуға және технологиялық кадрларды молайта түсуді, цифрлық экономика саласында құзыреттерді дамытуды қамтамасыз етуге көмектеспейді.

«Соңғы уақытта криптовалюталар мен блокчейндер мәселелері бойынша пікірсайыс ұлттық реттеушілер мен халықаралық ұйымдардың дәлізіне қарай орын ауыстыруда, олар инновациялық даму ынталандырмасын сақтау мен тиімді әрі анық реттеуші рамкалар құрудың арасындағы теңгерімді табуға тырысуда», – деп атап өтті өз сөзінде ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаменті директорының орынбасары Сейилбек Урустемов. 
Одақ елдерінің криптовалюталар мен блокчейндерді реттеу тәсілдемелерін үндестіру үшін Комиссия осы саладағы негізгі терминдер мен айқындамаларды қамтитын бірыңғай глоссарий жобасын қоса, тиісті ұсыным жобасын әзірледі.

Таныстырылым барысында ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаменті экономикалық саясат стратегиясы бөлімінің кеңесшісі Николай Рябцев осы құжаттар мен бағыт бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері туралы айтып берді. Өңірлік сарапшылық қоғамдастық өкілі 
Нурадил Раимбеков криптовалюталар мен блокчейндердің Қырғыз Республикасындағы даму перспективаларын белгілеп көрсетті.

Еуразиялық экономикалық комиссия 2017 жылдан бастап криптовалюталар мен блокчейндердің даму мониторингін жүргізеді. Мониторинг мақсаты криптовалюталар мен блокчейндердің Еуразиялық экономикалық одақтың макроэкономикалық орнықтылығына әсерін бағалау, сондай-ақ аталған құбылысты реттеу тәсілдемелерін жалпы пайымдау болып табылады.