Жүйеге кіру
​Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да АӨК цифрлық экожүйесін құруды қолдайды ​

​Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да АӨК цифрлық экожүйесін құруды қолдайды ​

1.jpg
30.09.2019
Бішкекте «Еуразиялық апта – 2019» халықаралық форумы шеңберіндегі «Агроөнеркәсіп кешені экспортының логистикасы: халықаралық цифрлық платформа» сарапшылық пікірсайысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян: «Цифрлық трансформацияның маңызды элементі - агроөнеркәсіп кешенінің экожүйесін құру. Жобалау қызметі арқылы тез стратегиялық жоспарлау қағидаты бойынша қозғалған кезімізде бұл жерде кросс-салалық тәсілдеме қажет. Логистиканы агроөндірістің барлық процесінен бөлек қарауға болмайды. АӨК цифрлық экожүйесі агроөнім өндірісінің, орын ауыстыруының, тұтынуының және кәдеге жаратылуының толық өмірлік циклын өзіне кірістіруге тиіс. Егер біз бұл жүйенің барлық элементін оның бастауында белгілеп көрсетіп, оларды қатарлас дамыта бастасақ, сонда ғана бәрі ойдағыдай болып шығады», – деп атап көрсетті.

ЕЭК министрінің пікірінше, бәрінен бұрын «Қазіргі бар платформалар мен бақылаушы ведомстволар тұрғысынан қарағанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің өзара іс-қимылының жіксіздігін деректердің бірыңғай модельдерінде қамтамасыз ету» қажет. Бұл ретте Карине Минасян экожүйені мемлекеттер емес, барлық қажетті жағдай жасалатын бизнестің қалыптастырғаны жөн болатынын атап өтті. Одақ елдері жұмыстың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге тиіс, ал кәсіпкерлер алдында теориялық модельдерді практикада іске асыру тұрады. Еуразиялық экономикалық комиссия өзіне үйлестірушінің рөлін ала отырып, бұл іске де барынша көмектесуге әзір. 

Қырғызстан ЕЭА базасында құрылған тауар биржасының басшысы Михаил Петров осындай жобаны әзірлеу мысалымен бөлісті: «Біз өндірісшілер мен базалық сатып алушылардың тікелей тоғысуын шешуге мүмкіндік беретін, тасымалдау кезінде тәуекелді азайта түсетін құрал жасадық. Биржалық механизмдер спот бойынша осы арада және қазір сатып алуды ғана емес, сол сияқты әлі отырғызылмаған болашақ өнімді сатып алуды да бағамдайды – бұл нарықты артық өндіруден және тапшылықтан қорғайды».

Урал мен Сібір бойынша «Қарталы Агрохабы» Ресей-Қытай орталығы жобасының жетекшісі Андрей Белов іске асырудың ұқсас қағидаты болашақ цифрлық Еуразиялық платформада да болуға тиіс, деп санайды. «Агрологистика – халықаралық кооперацияның қозғаушы күші және өңірлік әрі ұлттық нарықтар арасында тосқауылдар неғұрлым аз болса, сауданың өзі соғұрлым жақсы дамиды. Жаңа платформа жүк тасқынын жете талдауға және бұл ретте биржалық фьючерстік механизмдерді пайдалануға мүмкіндік береді, деп ойлаймын. Сөйтіп, артық өндіруді жоққа шығарып, жеткіліктілікті қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығының жоспарлылығына қол жеткізуге болады», – дейді сарапшы.

Пікірсайысқа қатысушылардың пікірінше, бизнесті жүргізуді ұйымдастырудың желілік типінен «платформалық» типіне көшу өндірушілердің, жеткізушілердің және ритейлдің арасындағы желілік өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Ресей Қаржы министрлігі Ғылыми-зерттеу институтының Салалық экономика орталығының басшысы Инна Рыкова бүгінгі таңда экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өндірушілері жоқ екенін және замани жағдайларда бизнес жүргізу оны шоғырландыруды талап ететінін атап көрсетті.

РӨКО Халықаралық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары, сессия модераторы Олег Дунаев ЕАЭО-ға қатысушы елдер ресурстарын біріктіру агроөнеркәсіптік кешен өндірушілеріне халықаралық нарықтарға жеңіл кіруге және бәсекелестік артықшылықтарды тез өсіруге мүмкіндік береді, деген сенімде. Алайда бұл үшін цифрлық қана емес, сол сияқты көлік-логистика инфрақұрылымын да қамтамасыз ету қажет. «Еуразияның тарату кешенінің көтерме сауда-тарату орталықтарының, ЕАЭО елдерін байланыстыратын негізгі көлік маршруттарындағы агроөнеркәсіптік хабтар құрылысына айрықша назар аудару қажет. Бұл тораптарды Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасы тұжырымдамасының жалғасы ретінде түзуге болады, – деп санайды Олег Дунаев. – Қорытындылаушы мақсат АӨК-те тауарлар мен қызметтер көрсетудің халықаралық айырбасының интеграцияланған цифрлық экожүйесін құру болып табылады».

Мемлекеттер қазірдің өзінде бар халықаралық атқарымдарды пайдалануға және оларды өзіндік магистралдық жобалармен толықтыруға тиіс, деген сенімде сарапшы.

СЭБ институты АКҰ директоры, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберіндегі Халықаралық автомобиль альянсы басқарушы органдарының мүшесі Юлия Зворыкина АӨК-тегі экономикалық өсудің драйвері өндіріс технологиялары бола алады деп атап көрсетті.

Пікірсайысты қорытындылай келіп, Карине Минасян сөзден іске көшуге шақырды: «Барлық мүдделі тұлғаларға бірігуді, Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну үшін бастаманы ресімдеуді ұсынамын. Бұл ЕАЭО-да агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық экожүйесін құруға қарай жасалған алғашқы пәрменді қадам болады».

Пікірсайыс қорытындысында сессияға қатысушылар ЕАЭО-да АӨК цифрлық экожүйесін қалыптастыру жөнінде шоғырландырылған позициялар мен ұсыныстарды тұжырымдау үшін ЕЭК алаңында мемлекетаралық жұмыс тобын құруға тілек білдірді.

Анықтама 
«Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы – Бішкек қаласында өтті. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланды. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңды қамтыды. Форумға 2000-нан астам адам қатысты. 

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.