Жүйеге кіру
Тимур Жақсылықов қырғыз оқытушылары мен студенттеріне ЕАЭО-да бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғаны туралы әңгімеледі

Тимур Жақсылықов қырғыз оқытушылары мен студенттеріне ЕАЭО-да бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғаны туралы әңгімеледі

30.09.2019
Бішкекте Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетіндегі лекция барысында ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау деңгейін арттыру және тұтастай алғанда қызметтер көрсетудің, капиталдар мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы әңгімеледі.

ЕЭК министрі реттеуші әсерді бағалау рәсімін ендіру арқасында Комиссия шешімдерінің жобалары бойынша оларды жария талқылау кезінде кәсіпкерлерден түсетін ұсыныстардың шамамен үштен екісі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде ұлтүсті реттеу құжаттарын пысықтау кезінде ескерілетінін атап көрсетті.

Тимур Жақсылықов ЕАЭО-да қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру тәсілдемелері туралы хабарлады. «Қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы - Одақтың басқа елдерінің тұлғаларына қызметтер көрсету саудасын қайталап құрусыз және шектеулерсіз, сондай-ақ рұқсаттарды және қызметтер көрсетуді берушілер персоналының біліктілігін тани отырып қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еркіндіктің неғұрлым жоғары дәрежесі», – деп атап өтті ЕЭК министрі.