Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Серік Жұманғарин: «Табысты әлемдік практикаларды байқаудан өткізу ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарында әділетті бәсекелестікті қолдау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді»

ЕЭК министрі Серік Жұманғарин: «Табысты әлемдік практикаларды байқаудан өткізу ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарында әділетті бәсекелестікті қолдау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді»

20190930174301.jpg
30.09.2019
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин Анд қоғамдастығының (АҚ) бас хатшысы Хорхе Эрнандо Педрас Гутьерреспен кездесті.

ЕЭК министрі атап өткендей, Комиссияның монополияға қарсы блогы жұмысының басымдықтарының бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады, ол таңдаулы практикалармен алмасуға және жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде жедел әрі дұрыс шешімдерді бірлесіп тұжырымдауға мүмкіндік береді. 

«Бізді әсіресе бәсекелестік мәселелерімен айналысатын өңірлік ұйымдар, олардың өкілеттіктері мен тәжірибесі қызықтырады. Анд қоғамдастығы өңірлік ұйым ретінде ұзақ уақыттан бері бәсекелестік реттеуді жүзеге асырып келеді», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Тараптар Анд қоғамдастығының Лимадағы (Перу) штаб-пәтерінде бірлескен кездесу ұйымдастыруға уағдаласты, бұл кездесуде ЕЭК пен АҚ өкілдері өзара мүдделі салаларды, ынтымақтастықтың мүмкін болатын тәсілдерін таразылап, сондай-ақ трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті реттеу тәжірибесімен бөлісіп, өзінің күн сайынғы жұмысында ұйым тап болып отырған проблемаларды талқылай алар еді. 

Анықтама 
ЕЭК пен Анд қоғамдастығының Бас хатшылығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға 2017 жылғы 23 наурызда Комиссия делегациясының Лимаға сапары барысында қол қойылды.

Анд қоғамдастығы (1997 жылға дейін – Анд тобы) – Латын Америкасындағы байырғы интеграциялық бірлестік. Қазір оның құрамына Боливия, Колумбия, Перу, Эквадор кіреді. 1969 жылы құрылған. Қоғамдастықтың мақсаты – қатысушы елдердің интеграциясы мен әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастығы, экономикалық өсуді жылдамдату және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, ортақ нарық құру арқылы олардың дамуына жәрдемдесу.