Жүйеге кіру
Олег Панкратов: «ЕАЭО органдары пандемия басталған сәттен-ақ Одақ кеңістігінде экономикалық тұрақтылықты ұстап тұруға жәрдемдесуде»

Олег Панкратов: «ЕАЭО органдары пандемия басталған сәттен-ақ Одақ кеңістігінде экономикалық тұрақтылықты ұстап тұруға жәрдемдесуде»

30.09.2020
Еуразиялық  экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері COVID-19 пандемиясына бірлесіп қарсы тұру үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмылдыруда. Кедендік ынтымақтастық  жөніндегі Алқа мүшесі (министр)  Олег Панкратов  бұл туралы 30 қыркүйекте «Еуразиялық  экономикалық одақ COVID-19 пандемиясы жағдайында:  интеграцияның шынайылығы, проблемалары және перспективалары»   халықаралық дөңгелек үстелінде мәлімдеді. Іс-шара Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бастамасы бойынша «Еуразиялық интеграцияға жәрдемдесу қоры» ҚҚ бірлесіп  ұйымдастырылды.

«Еуразиялық  экономикалық комиссиядағы және Еуразиялық  экономикалық одақ органдарындағы тең өкілдік ету мүше мемлекеттердің мүддесін сақтауға, ал экономикалық мүдделердің ортақтығы – ең күрделі жағдаяттардың өзінде өзара пайдалы шешімдер табуға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл коронавирус инфекциясына байланысты әлемде қалыптасқан жағдаяттың шиеленісуі кезеңінде айқын көрінді»,- деп атап көрсетті Олег Панкратов.

ЕЭК министрі тарихи қалыптасқан сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық өзара пайдалы қатынастарға құрылған Еуразиялық  экономикалық одақта әр мемлекет аумақтық тұтастығы мен ішкі істеріне араласпау қағидаттарын сақтай отырып, тең құқыққа ие екенін атап өтті. Осы қағидаттардың арқасында, экономикаларының мөлшеріне немесе халқының санына қарамастан, барлық қатысушы елдердің мүдделер теңгерімі қамтамасыз етілуде.

Олег Панкратов іс-шараға қатысушыларды «Еуразиялық экономикалық одақ органдарының пандемия басталған сәттен-ақ  Одақ кеңістігінде экономикалық тұрақтылықты ұстап тұруға жәрдемдесіп отырғаны» туралы хабардар етті. Мәселен, Еуразиялық  экономикалық одақты дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының арқасында Қырғыз Республикасы  пайдалы әрі жеңілдікті шарыттармен 100 млн АҚШ долларын алды.

ЕЭК министрінің сөзінше, бүгінгі күннің проблемаларына қарамастан, ЕАЭО келешекке қарап жұмыс істеуде - Еуразиялық  экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасы әзірленді, онда ынтымақтастықтың ғылыми-техникалық дамуға сүйенетін жаңа нысандарына, қаржы-экономикалық тұрақтылықты және тиімді жұмыспен қамтуды қолдауға назар аударылған.