Жүйеге кіру
ЕЭК-да ЕАЭО мүше мемлекеттердің роумингтегі байланыс қызметтерінің тарифтерін төмендетуді талқылады

ЕЭК-да ЕАЭО мүше мемлекеттердің роумингтегі байланыс қызметтерінің тарифтерін төмендетуді талқылады

30.10.2015

30 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссиядаЕуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүше мемлекеттеріндегі байланыс операторларының қатысуымен Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағамдық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегіКонсультативтік комитеттің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі ішкі комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан АлдабергеновРесейдің Федералдық монополияға қарсы агенттігінің (Ресей ФМА) басшысы Игорь Артемьев, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комитет Төрағасының міндетін уақытша атқарушыРустам Ахметов, Беларусь Республикасының Экономика министрлігі Баға саясаты департаментінің директоры Игорь Фомин, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Наталья Ларионова, Армения РеспубликасыныңҚырғызРеспубликасының монополияға қарсы органдарының өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттері байланыс операторларының өкілдері қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Министрі НұрланАлдабергенов «ЕАЭО барлық бес елінің ұялы байланыс операторлары жақын арадағы уақытта роуминг тарифтерін төмендететіндіктерін растады» - деді. Бұл ретте, ол Еуразиялық экономикалық одақтың бар аумағында ұялы байланыс қызметтерінің бағасын нөлге жеткізуге шақырды.

Бұл нарықта зерттеу өткізудің қажеттігі ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциялану үдерісі үшін телекоммуникациялық нарықтарды дамытудың аса маңыздылығына қатысты болып отыр. Іс жүзінде әлемнің барлық елдері өздеріндегі байланыс нарығын монополиялық жағдайдан бәсекелестігі дамыған нарыққа көшудің жолынан өтіп, бәсекелестікті ырықтандыру және марапаттау бағытында дамыта түсуде. Бұл ретте, дамыған бәсекелестік жағдайында әрекет етіп отырған телекоммуникациялар нарығы, тұтынушылары үшін қолжетімділікті жоғарылата отырып, сондай-ақ инновациялық дамуды өркендетудің максималды өсу қарқындарын көрсетіп отыр.

Комиссия роуминг нарығын әлеуметтік мағыналы деп таныды, өйткені шекаралық аймақтарда тұрып жатқан ЕАЭО 20 миллионнан астам халқы роумингтегі ұялы байланыс қызметтері бағасының қымбаттылығы проблемаларымен жиі кезігеді. Егер үйдегі желілерде абоненттер ұялы телефон арқылы сөйлескенде минутына 2-2,5 руб. төлейтін болса, онда шекараны кесіп өткен соң олар сол қызмет үшін 20-25 есеге қымбат, яғни 71 рубльге дейін ақы төлейді.

Комиссия сарапшыларды тарта отырып, өткізген талдаудың нәтижелері, ЕАЭО абоненттерінің елеулі көпшілігі роумингтегі байланыс қызметінің бағасын өте жоғары деп бағалап отыр, ол әрбір азаматтың әл-ауқатына едәуір ықпал ететіндігін куәландырады.

Сараптамалық бағалау бойынша, тарифті төмендеткенде тұтынушылардың қаражаттарының үнемделуін, ұялы байланыс операторларының қызметтері көлемдерінің артуын, соның салдары ретінде операторлардың табыстарының да жоғарылауын күтуге болады.

Қазіргі уақытта Комиссия ЕАЭО монополияға қарсы органдарымен бірлесіп, әділ роуминг қағидаттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.