Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы оптикалық әйнектен жасалған шыбықтарға салынатын кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының қолданысыны ұзартты

ЕЭК Алқасы оптикалық әйнектен жасалған шыбықтарға салынатын кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының қолданысыны ұзартты

30.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 29 қазанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кедендік реттеу, сауда, халықаралдық ынтымақтастық, энергетика, ішкі нарығының жұмыс істеуі, олардың экономикаларын цифрландыру салаларындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Ресей Федерациясының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша оптикалық әйнектен жасалған шыбықтарға қатысты ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің Кедендік әкелу бажы нөлдік ставкасының қолданысын ұзартты. 0% мөлшеріндегі кедендік баж 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы уақытқа белгіленетін болады және ол 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Оптикалық әйнектен жасалған шыбықтар оптикалық талшық өндіру және телекоммуникациялық техникада қолданылатын әртүрлі элементтер дайындау үшін пайдаланылады. Қазір бұл тауар ЕАЭО аумағында шығарылмайды. Әкелу бажын төмендету ішкі және сыртқы нарықтарда ақырғы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, оны өндірудің өзіндік құнын азайтады.

Комиссия Алқасы Беларусь Республикасында белгіленген тамаққа биологиялық белсенді қоспалардың және спортшылардың тамақтануына арналған мамандандырылған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі қосымша талаптарды Одақтың ішкі нарығындағы тосқауыл ретінде бағалады.

Беларусь Республикасының Үкіметіне Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 24 қаулысын тамаққа биологиялық белсенді қоспалардың және спортшылардың тамақтануына арналған мамандандырылған тамақ өнімдерінің сәйкестігіне бағалау рәсімін жүргізу жөніндегі талаптар бөлігінде қолдану кезінде Одақ туралы шарттың 53-бабының 2-тармағын орындау үшін шаралар қабылдау ұсынылды.

ЕАЭО туралы шарттың 53-бабының 2-тармағына сәйкес өзіне қатысты Одақтың техникалық регламенті күшіне енген өнімнің Одақтың техникалық регламентінде белгіленген сәйкестікті бағалаудың қажетті рәсімдерінен өткен жағдайда Одақтың аумағында айналысқа шығарылатынын еске саламыз. Мүше мемлекеттер Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін өнімнің өз аумағындағы айналысын осындай өнімге Одақтың техникалық регламентінде қамтылған талаптарға қатысты қосымша талаптар қоймай және қосымша сәйкестікті бағалау рәсімдерін өткізбей қамтамасыз етеді.

 

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) бір үлгіде қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында ЕЭК Алқасы телевизиялық қабылдағыштың орталық процессорына арналған жылу бұрғышты ЕАЭО СЭҚ ТН 7616 99 900 8 қосалқы кіші позициясына сыныптады.

 

Жылу бұрғыш телевизиялық қабылдағыштарда ғана пайдалануға арналған құрауыштық бөлікті білдіреді. Ол телевизиялық қабылдағыштың негізгі платасының процессорына орнатылады және телевизиялық қабылдағыштың орталық процессорынан жылуды бұруға және шашыратуға арналады.

 

ЕЭК Алқасы қайта тиегіш экскаваторды ЕАЭО СЭҚ ТН 8427 және 8429 тауар позицияларына сыныптады.

Қайта тиегіш экскаватор – ол мынадай құрамдас бөліктер мен жүйелерден: пневмодөңгелекті жүру құрылғысынан, қозғалтқышы және жұмыс жабдығы бар бұру платформасынан, гидравликалық жүйеден, аутригерлерден, тұтқалы жебеден тұратын толық бұрмалы төрт дөңгелекті машина.