Жүйеге кіру
ЕЭК бизнестің және мемлекеттік органдардың пікірін ескере отырып ЕАЭО Кеден кодексін пысықтауға дайын

ЕЭК бизнестің және мемлекеттік органдардың пікірін ескере отырып ЕАЭО Кеден кодексін пысықтауға дайын

001.jpg
30.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін (ЕАЭО КК) жете пысықтау бойынша түзетулер пакетін дайындауда. Ол туралы Мәскеудегі Халықаралық кеден форумында ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Нурлан Акматов мәлімдеді.

 

Оны Федералдық кеден қызметі ұйымдастырды. Ол мемлекеттік билік пен бизнес өкілдеріне сыртқы экономикалық қызмет пен кедендік әкімшілендіру саласында тәжірибе алмасу және жаңа бастамаларды талқылау үшін бір алаңда жиналу мүмкіндігін беретін жыл сайынғы іс-шара.

 

Министрдің сөйлеген сөзінің жеке тақырыбы Комиссияның Одақ мемлекеттерінің кеден органдарымен және бизнес-қоғамдастығымен КК нормаларын қолдану және оның жекелеген ережелеріне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға арналды. «Бүгінгі таңда кодексті жете пысықтау үшін түзетулер пакеті дайындалуда деп айтуға болады. Ол Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет шешімдерінің, Одақтың мемлекеттік органдарынан келіп түскен сұрау салулардың, сондай-ақ кодекстің ережелерін талдаудың негізінде қалыптастырылды. Тиісінше осындай жұмыс үшін қажетті құқықтық формат жасау туралы мәселе шешіледі. Таяу болашақта біз оны тараптармен келісеміз», - деді ЕЭК министрі.

 

Нурлан Акматов «Кеден 2030: болашақтың траекториясы» атты жалпы отырыстағы өз сөзінің барысында ЕАЭО Кеден кодексінің құқықтық жаңалықтарына, оны қолданудың өзекті мәселелеріне, Комиссияның кеден блогының норма шығару қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымымен өзара іс-қимылға назар аударды.

 

Одақтың КК электрондық құжат айналымы мен тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауға бағдарланған кедендік әкімшілендірудің жаңа тенденцияларын қамтыды. Сол арқылы кедендік құқық қатынастарын реттеудегі негізгі тәсілдемелер өзгертілді. КК негізге ала отырып, деп атап өтті министр, ЕАЭО-да қолданылатын кеден құжаттарын толтыру тәртібін айқындайтын актілер өзекті етілді, жаңа кедендік құжаттардың нысандары және оларды толтыру тәртібі әзірленді. Электрондық кеден құжаттарының 13 жаңа құрылымы қабылданды.

 

Форум шеңберінде Нурлан Акматовтың Салық салу және кеден одағы жөніндегі Еуропалық комиссия Бас директоратының халықаралық және жалпы мәселелер жөніндегі директоры Сабина Хенцлермен кездесуі болды. Кездесу барысында кедендік ынтымақтастықтың және кедендік реттеуді жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша ЕЭК мен Еуропа одағының арасында қатынастар орнату перспективалары қарастырылды.​