Жүйеге кіру
Вероника Никишина: «Елдің әлемдік экономикадағы көшбасшылығы медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің жаһандық нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікпен айқындалады»

Вероника Никишина: «Елдің әлемдік экономикадағы көшбасшылығы медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің жаһандық нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікпен айқындалады»

Релиз Никишина.jpg
30.10.2019

28 қазанда Халықаралық сауда орталығында (ХСО) өткен «Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтика нарығын дамыту» атты конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Вероника Никишина Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) фармацевтика нарығының бәсекелік артықшылықтары, Одақ өндірушілерінің дәрілік және медициналық өнімдер экспортының ерекшеліктері, оған қолдау көрсету және дамыту үшін сауда келісімдері механизмдерінің қолданылуы, сондай-ақ фармацевтика саласын дамытудың бірқатар басқа да мәселелері туралы әңгімеледі.

 

ЕЭК министрінің пікірінше, ЕАЭО елдері экономикаларының шетелдік фармацевтикалық өнімдер өндірушілерге тәуелділігін азайту мақсатында, сондай-ақ Одақтың фармнарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және оның өнімдерін шетелдік нарықтарға өткізуді қамтамасыз ету үшін сауда саясаты шаралары осы саладағы мемлекеттік саясатқа маңызды және тиімді толықтыру болуы мүмкін.

 

Вероника Никишина, егер Одақ мемлекеттері ұлттық компаниялардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргізуіне жәрдемдесетін және өндірісті дамыту үшін салық жеңілдіктерін енгізетін болса, сауда саясаты елге барынша арзан «шикізат» әкелуді қамтамасыз ететіндей, бұл ретте дайын препараттарды қорғаудың белгілі бір деңгейі сақталатындай түрде жасалатынын ерекше атап көрсетті.

Бұл міндетті ЕЭК сауда блогы сауда келісімдерін, әсіресе еркін сауда туралы келісімдер жасасу шеңберінде жүргізетін жұмыс арқылы толығымен іске асыруға болады.

«Ұзақ мерзімді стратегияны таңдау кезінде әлемдік фармацевтика өнімдерінің нарығы құрылымының алдағы өзгерістерін ескеру қажет: егер мақсат дженериктер өндіруге қойылатын болса – сауда саясатының бір құралдары, егер әрекет етуінің жаңа механизмдері бар препараттар жасауға бағытталған инвестицияларға екпін берілсе – басқа құралдар талап етіледі», - деді ЕЭК Министрі.

Фармацевтика нарығын реттеудің жаңа практикаларын енгізу өте сақтықпен жүргізілуге тиіс. «Бұл сала өте сезімтал және маңызды болып табылады, өйткені онда мемлекеттің қауіпсіздігін қозғалады, ал бұл ерекше тәсілдемелерді талап етеді, - деп мәлімдеді Вероника Никишина. – Биліктің жауапты ұлттық органдарымен және өнім өндірушілерімен тығыз өзара іс-қимыл жасаған кезде ғана фармацевтика саласындағы сауда саясатын дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеуге болады». ЕЭК Министрі фармнарығын реттеудің пәрменді механизмдерін әзірлеу мақсатында ЕАЭО бизнесін Одақ ішінде де, сонымен бірге шетелдік әріптестермен жасалатын экспорттық операциялар кезінде де Комиссиямен тиімді ынтымақтастық орнату бойынша барынша белсенді қадамдарға баруға шақырды.


Іс-шара Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, ЕЭК-тің және Еуразиялық экономикалық одақтың Фармацевтикалық өнім өндірушілер қауымдастығының қолдауы жағдайында өтті. Талқылауға Еуразиялық экономикалық одақтың Фарамцевтикалық өнім өндірушілер қауымдастығы басқармасының төрағасы Дмитрий Чагин, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің «ГИЛС и НП» ФБМ директоры, Ресей мемлекеттік GMP инспектораты басшысының орынбасары Владислав Шестаков, «НЦЭСМП» ФМБМ бас директоры Юрий Олефир, сондай-ақ өзге де сарапшылар мен ЕАЭО елдері билік органдарының өкілдері қатысты.​