Жүйеге кіру
Андрей Слепнев: «Кеден одағы мен Украина өзара сауда-саттықтағы сауда кедергілерін тазартады»

Андрей Слепнев: «Кеден одағы мен Украина өзара сауда-саттықтағы сауда кедергілерін тазартады»

30.11.2012

28 қараша күні Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда-саттық бойынша Министрі Андрей Слепнев пен Украинаның Экономикалық даму және сауда Министрі Петр Порошенко өзара сауда-саттықтағы шектеу шараларын кемітуге арналған «Сауда мәселелері бойынша алғашқы «Диалог» отырысын өткізді.

«Бүгін көптеген іс жүзіндегі мәселелерімізді көтере алғанымыз өте маңызды, - деді Андрей Слепнев, отырысты қорытындылай отырып. – Шектеулердің жойылуы біздің елдерімізге ТМД еркін сауда аймағынан келер нәтижені жақсартуға мүмкіндік береді. Біз жоғары қосылған құны бар тауарлардың барынша ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуіміз қажет, біздің кооперациялану және өзара кірігу дәрежеміз өте жоғары. Саяси ынта болғанда, барлық мәселелер де шешіледі деген сенімдемін».

Отырыстың қорытындылары бойынша бірлескен Хаттамаға қол қойылды, соған сәйкес, Тараптар өзара сауда-саттықтағы шектеу шараларын бірлесе жүріп енгізу әрі қолдану саласындағы ынтымақтастықтарын дамыта түседі, әсіресе әрбір Тарап екіншісін шектеу шарасы енгізілгенше 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, енгізілуі мүмкін шектеу шаралары туралы хабардар етіп отыруға тиіс болады.

Сонымен қатар тараптар, келесі отырысқа өзара сауда-саттықтағы шектеулерді мейлінше кеміту бойынша шаралар жоспарын дайындап келуге уағдаласты.

«Біздің елдеріміздің арасындағы тауарлардың жолындағы бар кедергілерді тазарту бойынша өте көп жұмысты атқару қажет болады, - деді Андрей Слепнев. – Қай шара болмасын жекелеп пысықтауды талап етеді, әмбебап шешім жасау тәсілдері жоқ, кедергілерді «бірінен соң бірін» біртіндеп жою қажет болады. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген түйінді жағдайларда әрдайым ымыралы шешім табуға болады».

Өзара сауда-саттықтағы ең бір сезімтал мәселе – Кеден одағына құрыштан жасалған құбырларды жеткізу ісінде – ілгерілеушілікке қол жеткізе алдық. 2013 жылға жеткізілімдер режимі қағидатты түрде келісілді. Желтоқсан айында тиісті шартты дайындау жөнінде консультациялар басталады.

Кездесудің қорытындысы бойынша министрлер мұндай өзара ықпалдастық форматының жоғары тиімділігін растады.

 «Сауда-саттық мәселелері бойынша Диалог» форматы «Украина үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы сауда-саттық мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында 2012 жылдың қыркүйек айында құрылған болатын. Бұл мұндай ең алғашқы Диалог, алайда ЕЭК басқа да негізгі сауда серіктестерімен ынтымақтастықтың осындай форматын бекітуді жоспарлап отыр. Диалогтың келесі отырысы 2013 жылдың сәуір-мамыр айларында Киевте өткізілуге тиіс.